Жаңа оқу жылына - жаңа ізденістермен » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаңа оқу жылына - жаңа ізденістермен
30
июль
2020

Жаңа оқу жылына - жаңа ізденістермен

Біздің, үнемі өзгеріп тұратын әлемде – адамның жеке тұлғалық өсуіне, өзін-өзі жетілдіруіне көптеген мүмкіндіктер бар. «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ мұғалімдері   білім министрі А.Аймағамбетовтың қашықтықтан оқыту туралы бұйрығы шыққалы барынша талмай еңбек етіп, балаларға жан -жақты, қызықты білім беру үшін ғаламтор желісіндегі түрлі (Bilimland, Аіmektep, Daryn online, learning App, т.б.) платформаларынан ізденуде.
«Ел басына күн туса, ер етігімен су кешер» деген сөз бекерге айтылмаса керек. Осы қиын - қыстау кезеңінде “Біз біргеміз!”,”Біз үйдеміз!” деп бір-бірімізге бір ауыздан қолдау көрсетіп келеміз. Өзінің ісімен, өзінің сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тəуелсіздігін қорғайтын, білімді ұрпақтың тəлімгері біздерге, яғни ұстаздарға қашықтықтан оқыту атты үлкен жауапты іс жүктелді. 
Кезекті еңбек демалыс мерзімінде де елімізде енгізілген карантин жағдайында жаңа оқу жылын қашықтан оқытуға үйрену маұсатында түрлі онлайн платформалардан курстар өтуде.
Солардың бірі Elab.Asia Онлайн Академиясының курстары. Бұл курстардан өту өте тиімді және ұстаздар үшін үлкен мүмкіндік. Ұстаздар тиімді жұмыс жасау мүмкіндіктеріне мүмкіндіктеріне ие бола алады. Elab.Asia Онлайн Академиясының курстары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім беру Академиясымен мақұлданған. Курс соңында мұғалімге белгіленген үлгідегі сертификат беріледі. 
Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.
         ҚО ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар
Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.
Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.
Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.
Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.
  Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:
Оқытушы компъютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.
Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет.
Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.
Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.
Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.
           Әрбір жаңа дүниенің тиімді және тиімсіз тұстары болады. Қиын кезең кемел адамдарды қалыптастырады. Қашықтықтан оқытуда оқушылардың кең ауқымда жауап беруіне мүмкіндік аз болып тұр. Берілген тапсырманы сыныптағыдай жан-жақты талқылап, сын пікір айтып, ойын жеткілікті деңгейде ашуда қиындық туындап отыр. Алайда, қашықтықтан оқыту – мектеп үшін де тиімді жүйе, ол барлық мұғалімдерге қолайлы. 
Қашықтықтан оқыту – оқушыдан қашықтықта болу деген емес, оқушыға бұрынғыдан да қатты жақындау. Оқушыға барынша түсінікті болатындай етіп жағдай жасау. Тек бұл жүйеде жақсы жұмыс істеу үшін ғаламтордың озық қосымшасы болу қажет. Алғашқы сабақтан бастап оқушылардың талпынысы, ынтасы одан сайын шабытымызға шабыт қосты, қанаттандырды. Әр сабағымызға бұрынғыдан бетер жауапкершілікпен дайындалып, үлкен ізденіс үстіндеміз. Түрлі білім порталдары арқылы да дайындығымызды пысықтап, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын одан әрі дамыта алдық деп ойлаймын. Оны оқушылардың жасаған кері байланысынан-ақ байқауға болады.Қашықтықтан оқу арқылы біз сақтық шараларын жасап қана қоймай, сонымен қатар өз шеберлігімізді де арттырып жатырмыз.
              2020 жылдың 8 сәуірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» мақаласында: «Кез келген қиындық адамды тығырықтан шығуға, өзгеше ойлауға, қалыптасқан жұмыс тәсілдерін жетілдіруге бастайды. Ал бұл ғылым мен технологияны дамытуға, сергек өмір салтын қалыптастыруға алып келеді.
            Алғашында барлығымызға яғни ұстазға да, оқушыға да,ата-анаға да қиын болды. Бірақ ұстаздарымыз өз ісінің үлкен шеберлері екендігін дəлелдеді. Бала оқытудың оңай іс еместігін ата-аналар қауымыда мойындап жатты. Ұстаз мəртебесі қашанда биік тұратындығы дəлелденіп жатты.
Ұлт ұстазы , өткен ғасырдағы қазақ руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы: ”Мектептің жаны -мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса,”ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең əдемі, мектепке керегі -білімді,педагогика,методикадан хабардар,оқыта білетін “мұғалім” депті. Арада бір ғасыр өтсе де, Алаш арысының бұл сөзі өз қадірін жоғалтқан жоқ. Отанымыздағы барша балаға қашықтықтан білім беріп, тəрбие тағылымын дарытып келе жатқан мыңдаған мұғалім қауымына қажырлы еңбектеріңіз жана берсін дегім келеді.
         Еліміз аман болсын, аспанымыз ашық болсын. Мыңдаған жылдар көк туымыз көк аспанда желбірей  берсін!