Педагогтардың кәсіби құзырлылығын дамытудағы әдістемелік қызметтің ролі. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогтардың кәсіби құзырлылығын дамытудағы әдістемелік қызметтің ролі.
18
июнь
2020

Педагогтардың кәсіби құзырлылығын дамытудағы әдістемелік қызметтің ролі.

Жамбыл облысы, Шу қ. «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ
директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Жолшыбек Айгул Алдашбековна

         Жаңа қоғам  мұғалімін  «рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді, шығармашыл тұлға, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі көрсетуге ұмтылысы, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген  құзырлығы жоғары маман» деп сипаттауға болады.
         Сондықтан маманның кәсіби құзырлығының әлеуметтік және тұлғалық түрлеріне ерекше мән беріледі. Бұл үшін, алдымен, ақпараттық қоғамда кез келген маманның іс-әректі күшейтіледі, одан кейін, білім парадигмасының өзгеруі кәсіби білім, біліктілік пен дағдыға маманның дайындығын қалыптастырудың, ойлаудың әдіснамасын дамытудың қажеттілігін көрсетеді, соңында, ізгілікті және әлемдік интегративті үрдістер тенденциясы алдымен көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың қажеттілігін айқындайды.
         Болашақ мамандардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру мәселесінің теориялық негізін айқындау «компетенция», «білімділік компетенциялар», «компетенттілік», «түйінді компетенция», «базалық компетенция» ұғымдарының бірлігі мен ерекшеліктерін қарастырумен тығыз байланысты.
         Сонымен, «Компетенция» латын сөзінен аударғанда адамның жақсы хабардар мәселелер шеңбері және танымдық пен тәжірибеге ие болуы деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладан компетентті болу - осы салаға негіздемелік талдау жасау және ондағы тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін лайықты білім мен қабілетке  ие болу дегенді көрсетеді.
         Әлемдік білім беру тәжірибесі компетенцияның төмендегідей салаларын айқындап берді:
-интеллектуалды және іс-әректтерден тұратын білімді біріктіру:
-нақтыланған білім беру мақсаты ретінде көріну:
-бір-біріне жақын мәдениет пен әрекеттердің біліктіліктері мен білімдерінің интегративті табиғатын сипаттау.
         М.Чошанов кәсіби құзырлықты «кәсіби шеберлік деңгейі жүйесінде орындаушылық пен жетілдірушілік арасында аралық мәнге ие болуы» деп түсіндіреді. Мәселені түсіндіруде келесі қағидаларға тоқталуға болады.
Үстаз тұлғасының моделіне жататындар:
Кәсіби шеберлік
1. Жаңашыл түрлендірулер мен шығармашылық қызметке дайындығы.
2 .Оқу-тәрбие үрдістеріне, балаларға жаңаша қарауды меңгерту.
3. Танымдық іс-әрекеттің мәдениеті.
4. Ледагогикалық үрдіс пен ой еңбегінің нәтижесіне обьективті талдау жасау.
5. Болжауға, жоспарлауға, диагностикалауға, мониторингілеуге қабілеттілік.
6. Зерттеушілік дағдыларының дамуы.
Тұлғалық қасиеттер.
1. Жоғары азаматтық, белсенділік пен әлеуметтік жауапкершілігі.
2. Ізгілікке бағытталғандық, рухани қажеттіліктер.
3. Оқушыны тұлға ретінде тануға және сендіре білу  қабілеттілігі, оның 
   күшіне деген  сеніміне жәрдем жасай білу.
4. Зиялылық.
5. Қарым-қатынас жасау мәдениеті, сөйлеу мәдениеті.
6 .Жаңашылдық сезімі.
7. Эмоцианалды байсалдылық.
8. Жауаптылық, еңбек сүйгіштік.
Құзырлық (біліктілік).
1. Өзі оқытатын пән бойынша педагогикалық, психологиялық, теориялық 
   білімінің жоғары деңгейі.
2. Үздіксіз білім алуға деген қажеттілік.
3. Технологиялық білім мен білікті, бірлікті игеру.
4. Педагогкалық міндеттерді  тиімді шеше білу.
5. Шығармашылық, шеберлік.
         Мектептегі әдістемелік жұмыстың ең негізгі міндеті - мұғалімнің мамандығын жетілдіру. Әр мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен мүмкіндігін айқындау, сабақтарына қатысып, жетістіктері мен кемшіліктерін көрсету, өзара сабақтарына қатысуын ұйымдастыру, сабақ жоспарларын жасауға және  оны өз бетінше  талдауға басшылық ету, жеке әңгімелер өткізу жұмыстарын ұйымдастыруды мұғалімнің іс-тәжірибесін, шеберлігін зертеу қорытындысы бойынша жасалған диагностикалық карта негізінде мұғалімдердің үш тобын анықтадық. Олар:
-шығармашылықпен жұмыс жүргізуді қажет ететін және сол деңгейде ізденетін мұғалімдер:
-шығармашылықпен ізденуге ынталы мұғалімдер:
-тәжірибесі аз-жас мұғалімдер.
         Осылайша мұғалімнің даярлық деңгейін анықтау, біріншіден, әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыруға әсерін тигізсе, екіншіден, берілетін тапсырма әр мұғалімнің шеберлігіне, ізденісіне қарай бөлінеді. Мамандықты жетілдіру үш бағытта жүргізіледі:
-  тәжірибесі аз мұғалімдер - жас мұғалімдерге жекелей, топтық көмек көрсету және әдістемелік жеке тапсырмаларды орындауға тарту жұмыстарын жүргізетін «Жас мұғалімдер мектебі» жұмысын ұйымдастыру:
-  педагогикалық шеберлік мәселелерін жетілдіруге баулу жұмыстарын жүргізу, ол үшін пән әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарын күшейту:
         Қазіргі таңда біздің мектептің әдістемелік жұмыстың   мақсаты- «жаңа инновациялық   технологияларды іс-тәжірибеде тиімді қолдана алатын мұғалім дайындау» тақырыбына негізделген. Мектептің әдістемелік құрамына пән бірлестігі мен класс  жетекшілері кіреді. Барлық әдістемелік жұмыстарды мектептің әдістемелік кеңесі басқарады.Ұйымдастырылған  әдістемелік жұмыстар мұғалімдердің білімін, кәсіптік деңгейін, шеберлігін жетілдіру жолдарын жүзеге асырады. 
         Сөзімізді қорытындылай келе білімді ұрпақ - білімді ұстаздан, білікті маманнан. Мектептегі қызмет атқарып жүрген мұғалімдердің кәсіби деңгейінің көтерілуіне, оның жаңа ұстанымға сай болуына, шығармашылықпен жұмыс істеуіне бүгінгі білім беру ісіндегі инновациялық процеске тікелей араласуына,бағдарлы білім беруде нәтижеге жетулеріне жағдай жасау – басқарушылық міндет. 
Мектеп директоры әр мұғалімнің жаңа ізденістерін көріп, жетістіктерін бағалап, жеке тұлғаны қалыптастырудағы әр сәтті қадамын қолдау арқылы мұғалімнің жігеріне  жігер қосуда. 
Әрбір мұғалімнің кәсіби білімі мен біліктілігі үнемі жетілдіріп отыруын қадағалау- оқыту үрдісінің сапасын арттыруға, әсіресе, ұстаз беделінің жоғарылауына тікелей әсер етеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы, 2012,8-бап.
2. А.Маратов «Бабалар тәрбиесіндегі әдістер», Оқулық, Алматы. 2013ж.
3.Қазақстан педагогикасы .7-том.Алматы, 2003.
Аннотация
         В данной статье рассматривается роль учителя в воспитании подрастающего поколения, изучение психологии в поведении учащихся в учебном процессе. Педагогам предлагается виды работ для достижения высокого уровня знаний у учащихся.  
Annotation
         In this article  is  considered the role of teacher in the upbringing  of the younger generation  study  of psychology of students  in educational process.Teachers  are offered types of work  to achieve a high level  of knowledge of students.