Оқушыларға құқықтық тәрбие мен білім берудің маңыздылығы. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқушыларға құқықтық тәрбие мен білім берудің маңыздылығы.
18
июнь
2020

Оқушыларға құқықтық тәрбие мен білім берудің маңыздылығы.

Жамбыл облысы, Шу қ. «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ
Директорының құқықтық тәрбие орынбасары
Нурахова Гульнар Маратовна
Қазақ халқы ата-бабасының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрпы ажырап қалған,шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке қойылған фильмдердің еркіндігіне кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз деген ой әрқайсымызды мазалауы Һәк.Бұл ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек,адамгершілігі мол жеке тұлғаны тәрбиелеу-тәрбие жұмысының негізгі мақсаты.Жас ұрпаққа тек білім берумен шектелу аз,оларды адамгершілік-рухани жағынан нағыз адам қалыптастыру керек.Бүгінгі таңда қоғам да, қоғамдық көзкараста күн күнге өзгеру үстінде Бұқаралық ақпарат және қарым –қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулерден алынып,ақпарат тарату еркіндігі кең таралған. Тұлғаны жан – жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. 
Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік – экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жанадандыру айрықша міндетті іс.Ол балалардың сана сезімі мен рухына кері әсер етуде. Осының салдарынан қазір мектеп жасындағы балалардың шылым шегуі, ішімдік ішуі,есірткі қолданылуы немесе әр түрлі қылмыстық іс-әрекетке баруы жиілеуде. 
Бүгінде оқушылармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқындауда В.А. Сухомлинский сөзімен айтқандай «Қандай да бір құқықтық тәрбие болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып жеке адамның мұқтаждығына негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға оқушылар шаруашылықпен қатысса, соғұрлым алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік- құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез – құлықтарына қалыптастырады» деп осы мәселеге қатысты айтқан пікірлеріне кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше.
Балалардың мінез - құлқының нормадан, шамадан ауытқуына түрлі жағдайлар себеп болады. Олардың ішінде ең бастысы отбасы жағдайыбоп есептеледі. Өйткені тұлғаның жеке басының жаман - жақсы қасиеттерінің негізі отбасынан қалыптасады. Сондықтан да, балалардың өнеге алып үлгі тұтары - ең алдымен өздерінің ата - аналары.Адамдар да, заттар да тәрбиеленеді. Дегенмен, адамдардың үлес салмағы басым. Солардың ішінде ата-аналар мен педагогтар бірінші орынға шығады деген екен. Олай болса, құқықтық тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін, отбасы жағдайын жан- жақты танып білу қажет. Бүгінгі таңда бұл жұмыс табысы жүргізіледі деп айту қиын. Соның нәтижесінде балалардың мінезіндегі кейбір ауытқулары мұғалімдер тарапынан дер кезінде байқалмауы, түбінде орны толмас үлкен өкініштерге әкеліп тірейтіні даусыз мәселе.
Балалардың ата - аналары қонақта болады немесе өздері қонақ шақырады. Осының бәрі ішімдіксіз өтпейді, дастарханға ішімдікті самсатып қояды. Ал, жастардың қайсысы болмасын ересектерге еліктейді. Өздерін ересектерше ұстайды, ересектерше әрекет жасауды қалайды. Ең қауіптісі сол - бала көргенін істеп, ішімдікке бой ұрады.
Ата-аналар және тағы басқа да ішімдікке салынған адамдардың отбасында күнде жан - жал, төбелес болғандықтан балаларды дұрыс тәрбиелеу мен оқытуға ешқандай жағдай болмайды. Керісінше, мұндай бүлінген отбасында балалардың өздері ішімдікпен әуес бола бастайды.
Екіншіден, отбасының ынтымағының бұзылуы да сол отбасындағы жасөспірімнің мектептен қол үзіп, нашар оқуына, тура жолдан ауытқуына әсерін тигізеді.Ондай балалар қоғамдық жұмыстарға да қатыспайды. Ешбір өнерге де қызықпайды. Бос уақыттарын қызықты өткізуді білмейді. Шындығында келгенде, бұлар қоғамдық өмірден тысқара қалған адамдар болып саналады. Демек, мұндай ата-аналар өз балаларын өнер-білімге, еңбекке баулуда мектепке көмек бере алмайды.
Педагогтар мен ата – аналардың оқушыларға құқықтық тәрбие беруде олардың құқықтық сана сезімін бірінші кезекте қалыптасуға үлес қосуларының маңызы зор.Себебі, құқықтық сана – қоғамдық санның ерекше түрі. Құқықтық тәрбие - сан қырлы,күрделі процесс,бұл жалпы және арнаулы шаралардың тұтас бір жүйесін қамтиды.Соның ең бірінші сатысы-оқушы заңмен хабардар етіп оның жалпы білім деңгейін көтеру. Осыған орай мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай құқық негіздерін оқыту іске асуда. Мектебімізде әр айдың соңғы жұмасы «құқықтық білім беруді жетілдіру күні» болып белгіленген. Мектеп залдарына құқықтық тәрбиеге байланысты көрнекіліктер ілініп, сынып бөлмелерінде бұрыштар ұйымдастырылған, сенім жәшіктері дайындалып, оқушылардан құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуды жүзеге асыруға байланысты тест сауалнамалық сұрақтарға жауап алынып отырады. 
1989 ж 20 қарашада Біріккен Ұлтар Ұйымы Бала құқықтары туралы конвенция қабылдады.Сол мезеттен 20 қараша күні бүкіл әлемде Бүкіләлемдік бала құқықтары күні ретінде аталып өтіледі. Осыған орай 20 қазан-20 қараша айларының аралығында «Бала құқығы-Адам құқығы» атты акция өткізілді.Акция барысында оқушылар өздерінің құқытары мен міндеттерімен жөнінде білімдерін көтерді.
Мектеп құқықтық тәрбие жұмысын 1- сыныптан бастап, белгілі бір жүйелікпен ұйымдастырылған түрде оқушының оқуды бітіргенге дейінгі аралығында жүргізуі қажет. Адамның құқықтары мен міндеттері жайында баяндағанда 1995жылы 30тамызда Бүкілхалықтық референдумдақабылданып, 1995 жылы 5 қыркүйектен күшіне енген Ата Заң  - Конституцияның мазмұнымен әрі ондағы құқықтықұғымдарды таныстырудан, түсіндіруден бастаған жөн. Себебі, құқық әрбір адамның туғаннан, өлгенге дейін қоғамдағы жүріс - тұрысын, мінез - құлқын, адамдармен, жалпы тіршлік ету ортасымен қарым - қатынасын реттейді.
         Осыған орай мектебімізде «Мен және заң», «Жауапкершілік түрлері», «Заң бұзушылық неге алып соғуы мүмкін» тақырыптарда сынып сағаттары,дөңгелек үстел,пікірталас өткізіледі. Сонымен қатар ата-атаналар мен оқушылар үшін құқық қорғау органдарынын қызметкерлерімен кездесулер өткізіледі.
Бүгінгі таңда статистикалық мәліметтер бойынша қылмыс жасаушылардың көп бөлігі мектеп жасындағы балалар мен жастар екендігі белгілі болып отыр.Қылмыстың жастар арасында көбею себебі неде?Ата-анасының баласына уақыт бөлмеу,отбасының тәрбиесінің нашарлығы. Оқушылар мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау үшін әрбір сынып жетекшісі,әрбір мұғалім,әрбір мектеп басшылары оқушыларды жақсы тануы керек. Мектеп психологтары оқушыларға жан-жақты психологиялық зерттеулер жасап,оның нәтижесінде мектебімізде әрбір қиын оқушының психологиялық мінездемесін анықтайтын педагогикалық карталары жасалған.
Құқық бұзушылыққа бейім балалардың бос уақытын тиімді өткізу, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмаудың алдын алу бағытына сәйкес мектептің іс-шаралар жоспары жасалып жұмыстар жүргізілуде.
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 1997 ж. 16 шілде; 
2. Қазақстан Республикасының «Жемқорлықпен күрес туралы” Заң, 1998ж. 2 шілде; 
3. «Жас өспірімдерді қорғау туралы” Заң. 1997 жыл 15шілде. 
4. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007 жыл.
Аннотация
         В статье затрагивается правовые проблемы в воспитании молодежи и что являются главными требованиями в воспитании учащихся по предотвращении правонарушении среди школьников.  
Annotation 
In this article  is affected by legal problems  in the upbringing of students on the prevention of violations among   schoolchildren.