18
июнь
2020
Бүгінгі таңнын талабы – қашықтықтан оқыту
Толеуова А.И.- директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары.
2019-2020 оқу жылының 3 тоқсанын республиканың барлық білім беру ұйымдары мен мекемелері білім беруді қашықтықтан оқытуды бастап кетті. Көп жылдан бері оқу орындарында дәстүрлі түрде өз орнын тауып келген оқытудың бір түрі екендігі бәрімізге мәлім. Дегенмен, қазіргі таңда әлемде болып жатқан індеттің таралуына байланысты бұл оқыту түрінің маңыздылығы арта түсті. Себебі еліміздегі мектептер Covid-19-дың таралу қаупіне байланысты өз жұмыстарын тоқтатып, оқушыларды қашықтықтан оқытуға кірісті. Ал қашықтықтан оқыту босаңсуға жол бермейді, өйткені қазіргі заманғы технологиялар оқу үрдісінің барлық кезеңдерін қашықтық форматқа көшіруге толығымен мүмкіндік береді. Яғни, қашықтықтан оқыту карантин жағдайында оқу үрдісін жалғастыруға мүмкіншілік туғызып отыр. «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ педагогтары қашықтықтан жұмыс жасауды оқытуды ұйымдастырудың үш түрлі формасы арқылы жұзеге асырды: онлайн және оффлайн, және кең таралған үшінші түрі - вебинар. Онлайн режимде мұғалім мен оқушы арасында оқыту кезінде мұғалімдер өз пәндері бойынша оқушыларға арналған тапсырмалар, қызықты бейне-тапсырмалар беріп, кері байланыс алып отырды. Сондай-ақ, өз білімдерін жетілдіру мақсатымен оқушылар мен мұғалімдерге арналған онлайн жүйесінде өтетін сан алуан олимпиада, байқаулар мен семинар конференцияларға да қатысып отырды.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың үшінші түрі – вебинарларларға қаысу мұғалімдердің күнделікті жұмыстарына айналды. Мектеп мұғалімдері “Zoom”, “Go to meеting” платформаларында түрлі тақырыпта өз тәжірибелерімен бөлісіп, қашықтық педагогикалық оқуларға мен өзара коучинг-тренингтерге қатысып отырды. Осылайша мектеп мұғалімдері түрлі білім беру мен қайта даярлау ұйымдарымен тығыз байланыста бола отырып, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалананыпп, үздіксіз тәжірибе алмасуды іске асырды.
Әрине, кез келген оқыту түрі біржақты бола бермейді. Яғни, оның өз артықшылықтары мен кемшіліктері де болады. Қашықтықтан оқыту түрінің еркіндігі мен икемділігі, географиялық жағдайға қарамайтын, кез-келген тұлғаның білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік тудыратын артықшылығы бар болғанымен, қашықтықтан жұмыс істеу кезінде қатысушылардың бір-бірімен жеке байланысы аз, кейде мүлдем жоқ деп те айтуға болады. Сондықтан мұндай оқыту нысаны коммуникабельділік, сенімділік, командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту үшін қолайлы емес. Дегенмен, карантин аяқталып, өз жұмыс орнымызға оралған жағдайда дәстүрлі оқыту түрімен қатар қашықтықтан оқыту түрін де бірге ала жүреміз деген ойдамыз. Себебі жаңа ғасыр адамзаттан оның кәсіби қызметіндегі барлық өзгерістерді біліп, үнемі білім деңгейін жетілдіріп отыруды қажет етеді.