18
июнь
2020
ӨЗГЕ ҰЛТ АУДИРОРИЯСЫНДА ТІЛ ДАМЫТУ САБАҚТАРЫН МЕҢГЕРТУ ЖОЛДАРЫ
ТОЛЕУОВА АЙНАШ ИМАНАЛИНА
Жамбыл облысы Шу қаласы «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ
директордың ҒӘІЖО
ӨЗГЕ ҰЛТ АУДИРОРИЯСЫНДА ТІЛ ДАМЫТУ САБАҚТАРЫН МЕҢГЕРТУ ЖОЛДАРЫ
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқыту жүйесінің жаңа технологиялары оқыту үдерісінен кеңінен орын алып келеді. Әрбір ұстаз өзі таңдаған технология бойынша білім деңгейін көтеруге бар күш-жігерін жұмсайды. Ертеңгі еліміздің қамын ойлайтын, мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін азаматтар дайындап, тіліміздің мәртебесін көтеру мәселелері – орыстілді аудиторияда қазақ тілінен дәріс беретін ұстаздардың алға қойған басты мақсаты.
Білім берудің өзіндік ұлттық үлгісін жасай отырып, білім берудің жаңа технологиялық иновациялық, әлеуметтік және экономикалық құндылығын оның ХХІ ғасырда даму міндеттерінің, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мәнінің артуы – әрбір ұстаздың жалпы мәдениетіне, арнайы біліміне жоғары талаптар қояды да, оның жалпы педагогикалық және әдістемелік деңгейінің үнемі жетілдіріп отыруын қажет етеді.
Тіл үйренушілердің заман көшінен қалмай, түрлі салада болып жатқан жаңалықтарды әңгімелеп жеткізуі, болмаса сол төңіректе еркін тілдесуі үшін сөздік қорын күннен-күнге көбейтіп, өмірмен байланыстырып сөйлеуге баулу, ойын толық айта білуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға дағдыландыру керек.
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету барысында оқушының сөйлеу мәдениетін және жазба тілін дамытумен қатар ой-өрісін, дүниетанымын қалыптастыру мақсаты басты назарда тұрады. Әрбір сабақты түсіндіру кезінде берілетін теориялық мағлұматтың көлемі оқушылардың игеруіне қолайлы болуы, оның қызығушылығын арттыруы өте маңызды. Ауызекі сөйлеу тілі мен жазбаша сауаттылыққа меңгертуде тіл дамыту жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың мәні зор. Әсіресе, оқушылардың өздері жақсы көретін тақырыптарға бейімдей өтілген сабақтардың рөлі жоғары. Берілген материалдармен жүргізілетін жұмыс түрлері тіл үйренушілер шығармашылықпен жұмыс жасайтындай деңгейде ұйымдастырылуы шарт.
Қазақ тілін оқытуда тіл дамыта отырып, жазылымға жете мән беріледі.
Жазылымды дұрыс қалыптастыруда жаңа сөздерді сөздік жұмысы арқылы үйретудің тиімділігін байқалады. Күнделікті сабақта жазба жұмыстардың ішінде диктант түрлерінің орны ерекше. Диктанттардың түрлерін көптеп қамтып, сол арқылы өтілген тақырыптардың меңгерілу деңгейін байқауға болады.
Тілді оқыту барысында бір байқағаным мынау – қызығушылығы болмаса, білім алушылар тақырыпты меңгере алмайды. Тіл дамыту сабақтары қызықты, әсерлі болуы үшін әр сабақ жан-жақты ойластырылып, әдістемелік құралдарды, тапсырмаларды түрлендіруге көңіл аударылады. Бұл мәселені шешу мақсатында білім алушылардың түпкі талап-тілегіне, қызығушылығына орай олардың сұраныстары ескеріледі. Тіл мәдениетінің негізгі талаптарының бірі – сөзді дұрыс айтып, дұрыс жазу болса, оқытушы сабақ барысында оқушылардан сөздің айтылуы мен жазылу ерекшеліктерін ажыратып, орфографиялық және орфоэпиялық норманы сақтауды талап ету тиіс. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін сөздік диктантын жазғызуға болады. Мысалы: өзара, өзекті, өзгеріс, өкіл, өкілетті, өкім, өміршең, өркениет, өнім, өтемақы, көзқарас, төлем, төлемақы, өндіріс, баспасөз. Дәл осы сөздерді көру немесе бақылау диктанты, шығармашылық диктант, түсіндірме диктант ретінде жазғызып, жұмыс түрін күрделендіріп көрсе:
Сабақ барысында, ең алдымен, сөздік диктанттары жазылып, жаңа сөздер таныстырылады. Одан әрі тапсырмаларды түрлендіре отырып, жаңа сөздерді меңгертуге болады. Диктант жазып болғаннан кейін жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру үшін аударма, терминологиялық, түсіндірме, орфографиялық сияқты сөздіктермен жұмыс істеуге дағдыландыру қажет.
Білім алушыларды қазақша сөйлеуге үйретуде маңызды қызмет атқаратын тілдік тұлға – сөз тіркесі. Сөз тіркесі оқушыларды дұрыс сөйлем құрап, ойын дәл жеткізуге зор ықпал етеді. Сабақта меңгерген жаңа сөздермен сөз тіркесін жасатуға болады. Үлгі:
байланыс мәслихаты
өзара көмек баспасөз парағы
қарым-қатынас өкілі
Берілген сөздердің кейбіреуін басыңқы етіп, енді бірін тіркестің бағыныңқысы ретінде қолдану барысында осындай мысалдар қатары толықтырыла береді. Мұндай тапсырмаларды орындау жұптық, топтық жұмыс ретінде берілсе, тұтастай аудитория қамтылып, ізденіс, құлшыныс пайда болады. Топты екі командаға бөліп, ойын түрінде ұйымдастырса – тіпті жақсы.
Жаңа сөздерді игерту барысында орындалатын жұмыстың келесі түрлері – оларды қатыстырып сөйлем және мәтін құрату. Мәтін құрау бойынша орындалатын тапсырмаларды түрлендіріп қолдану, мәтінмен жұмысты дұрыс жүйелі түрде ұйымдастыру – тіл үйренушілердің ауызекі сөйлеу тілін дамытуда, ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде үлкен маңызға ие.
Жүргізілетін жұмыстардың бір тобы үйренген сөздерін оқушының есінде тұрақтандыруға қатысты. Жаңа сөзді түсініп қана қоюы жеткіліксіз. Жаңа сөзді қолдануға дағдыландыру қажет. Бұл мәселені іскерлік ойындардың көмегімен шешуге болады.
Іскерлік ойын – бұл ойын технологиясында белсенді қолданылатын ойынның бір түрі әрі оқушының белсенділігімен жүзеге асады. Аталған ойын формасы оқытудың тәжірибелік жағына қызмет етеді әрі игерілген білімді шығармашылықта қолдануға және бекітуге бағытталады. Оқу үдерісінде іскерлік ойындардың рөлдік ойын сияқты түрі жиі қолданылады.
Сабақ барысында ойынға төмендегі талаптар қойылады:
Берілген сөздердің көпшілігі әлеуметтік салаға қатысты болғаннан кейін осы салаға қатысты баспасөз конференциясы өткізіледі.
Ойынға қатысушылар:
Жалпы, мұндай ойындар:
Қолданылған әдебиеттер
В статье рассматриваются проблемы и перспективы применения в обучении к государственному языку обучающихся по новым технологиям (технология модульного обучения, компьютерная и информационная технология, электронный учебник и другие).
Annotation
In this article is considered problems and perspectives of application in teaching to the state language of students on new technologies (modular training technology, computer and information technology, electronic textbook ).

- Білім алушылардың сөздік қоры молаяды;
- қазіргі қоғамда қолданылып жүрген жаңа сөздер – белсенді лексикамен танысады;
- тіл дыбыстарын жете меңгереді (ө, і, қ дыбыстары жиі кездесіп отыр);
- орфографиялық және орфоэпиялық норманы меңгереді.
Сабақ барысында, ең алдымен, сөздік диктанттары жазылып, жаңа сөздер таныстырылады. Одан әрі тапсырмаларды түрлендіре отырып, жаңа сөздерді меңгертуге болады. Диктант жазып болғаннан кейін жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру үшін аударма, терминологиялық, түсіндірме, орфографиялық сияқты сөздіктермен жұмыс істеуге дағдыландыру қажет.
Білім алушыларды қазақша сөйлеуге үйретуде маңызды қызмет атқаратын тілдік тұлға – сөз тіркесі. Сөз тіркесі оқушыларды дұрыс сөйлем құрап, ойын дәл жеткізуге зор ықпал етеді. Сабақта меңгерген жаңа сөздермен сөз тіркесін жасатуға болады. Үлгі:
байланыс мәслихаты
өзара көмек баспасөз парағы
қарым-қатынас өкілі
Берілген сөздердің кейбіреуін басыңқы етіп, енді бірін тіркестің бағыныңқысы ретінде қолдану барысында осындай мысалдар қатары толықтырыла береді. Мұндай тапсырмаларды орындау жұптық, топтық жұмыс ретінде берілсе, тұтастай аудитория қамтылып, ізденіс, құлшыныс пайда болады. Топты екі командаға бөліп, ойын түрінде ұйымдастырса – тіпті жақсы.
Жаңа сөздерді игерту барысында орындалатын жұмыстың келесі түрлері – оларды қатыстырып сөйлем және мәтін құрату. Мәтін құрау бойынша орындалатын тапсырмаларды түрлендіріп қолдану, мәтінмен жұмысты дұрыс жүйелі түрде ұйымдастыру – тіл үйренушілердің ауызекі сөйлеу тілін дамытуда, ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде үлкен маңызға ие.
- мән-мағынасы жағынан жақындығы бар жаңа сөздердің бәрін қатыстырып мәтін құрау;
- жаңа сөз тіркестерін қатыстырып мәтін құрау;
- жаңа сөздің біреуін ғана тірек етіп мәтін құрау.
Жүргізілетін жұмыстардың бір тобы үйренген сөздерін оқушының есінде тұрақтандыруға қатысты. Жаңа сөзді түсініп қана қоюы жеткіліксіз. Жаңа сөзді қолдануға дағдыландыру қажет. Бұл мәселені іскерлік ойындардың көмегімен шешуге болады.
Іскерлік ойын – бұл ойын технологиясында белсенді қолданылатын ойынның бір түрі әрі оқушының белсенділігімен жүзеге асады. Аталған ойын формасы оқытудың тәжірибелік жағына қызмет етеді әрі игерілген білімді шығармашылықта қолдануға және бекітуге бағытталады. Оқу үдерісінде іскерлік ойындардың рөлдік ойын сияқты түрі жиі қолданылады.
Сабақ барысында ойынға төмендегі талаптар қойылады:
- ойын мақсатының нақтылығы;
- ойын тәртібінің нақты түсіндірілуі;
- қажеттігіне қарай сөздік жұмысының жүргізілуі;
- тыңдаушылардың түгел қамтылуы.
Берілген сөздердің көпшілігі әлеуметтік салаға қатысты болғаннан кейін осы салаға қатысты баспасөз конференциясы өткізіледі.
Ойынға қатысушылар:
- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
- БАҚ өкілдері, мәселен, «Қазақстан», «Еларна», «КТК», «Хабар» арнасының тілшілері
Жалпы, мұндай ойындар:
- тіл дамытып, сөздік қорды молайтады;
- тапсырманың жауапкершілігін түсініп, ойлануға жетелейді.
- нақтысөйлеугебаулиды;
- тыңдай білу мәдениетін қалыптастырады.
- ізденуге жетелейді.
Қолданылған әдебиеттер
- Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.-Алматы, 2005ж.
- Иманбекова М.К. Білікті мамандар даярлаудың өзекті мәселері.,Тараз,2009ж.
- Қазақстан мектебі. Журнал.№ 2,2009ж.
- Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы. «Сөз сарасы» әдістемелік нұсқау.