04
сентябрь
2018
Нәтижеге бағытталған білім сапасын көтеру арқылы, жан – жақты қалыптасқан тұлға тәрбиелеу
Мектеп-лицей директоры А. Т. Джангаршеваның тамыз конференциясында жасаған баяндамасы.
Мектеп келешек ел басқаратын, жерін елі мен халқының мерейін өсіріп, мәртебесін биіктететін жасампаз жандарды тәрбиелейтін киелі де, қасиетті ұя. Ал сол мектептің негізгі тірегі - білімді де білікті ұстаз. Қазіргі заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, білім бәйгесінде, дүбірлі жастардан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару - осы ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі. Осы орайда лицейде дәл осындай қабілет пен қастерді бойына сіңіре білген 70 – ке тарта ұстаз еңбек етеді. Оның ішінде:
Жоғары білімді Орта арнаулы Жоғары санат 1-санат 2-санат Санатсыз
60 10 36 16 4 14
Бүгінгі күнге жаңартылған білім мазмұны бойынша мектептің 33 мұғалімі (48%) курсан өтті. Деңгейлік курстан 13 (19%), ағылшын тілінде 5 (7%) мұғалім курстан өткен.
Барлығы Деңгейлік курстан өткендер Жаңартылған білім мазмұны б-ша курстан өткендер Ағылшын тілінде курстан өткен мұғалімдер
51 13 (19%) 33 (48%) 5 (7%)
2018-2019 оқу жылында физика, химия және биология пәндері ағылшын тілінде оқытылу жоспарлануда.
Жыл сайын республикалық «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығы еліміздегі дарынды оқушыларды анықтау, оларды оқыту мен дамыту мақсатында республикалық және халықаралық дәрежедегі өткізілетін пән олимпиадалары, ғылыми жоба байқаулар мен интеллектуалды шараларға да біздің лицейдің оқушылары үнемі қатысып отырады. Атап айтсақ, Республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңіне мектебіміздің 25 оқушысы қатысып, 20 жүлделі орын: І орынды - 6 оқушы, ІІ орынды -11 оқушы, ІІІ орын-3 оқушы иеленіп, І орын алғандар облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңде 3 оқушы – ІІІ орынды иеленіп, 2 оқушы- білім басқармасының басшысының алғыс хатымен марапатталды.
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп отырған кезеңде, мектебіміздің оқушылары да тәжірибелі мұғалімдердің жетекшілігімен жаңа технологияларды пайдалана отырып керемет ғылыми жобаларды іске асырып келеді. Көргеннен, білгеннен аспау, жоқты іздемеу ой мешеулігі дегендей, біздің оқушыларымыз пән олимпиадасымен шектеліп қана қоймай, ғылыми жобалар байқауларына да қатысып, жүлделі орынға ие болып жүргенін атап айтқым келеді. 2017-2018 оқу жылында жүзеге асқан ғылыми жобалардың саны - 16-ға жетті.
«Зерде» Ғылыми жоба байқауының аудандық, облыстық, республикалық кезеңдерінде «Туған жердің суын зерттеу және қорғау» тақырыбында 7 сынып оқушысы Серікбай Әліби 1 орынға ие болды жетекшісі Джангарашева Ардақ Толепбайқызы.
Сонымен қатар;
-9 сынып оқушысы Асан Назира Б.Б.Болғанбаеваның жетекшілік етуімен «Табиғи өнімдерден индикаторлар әзірлеу» тақырыбында
-9 сынып оқушысы Орынбасар Жалғас Э.Бекболатованың жетекшілігімен «Көне Баласағұн» тақырыбында;
- 10 сынып оқушысы Атымтай Нұршолпан З.Валиеваның жетекшілігімен «Жауын құрты» тақырыбындағы ғылыми жобаларымен аудан, облыс, республика көлемінде өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі орындар мен алғыс хаттарға ие болды.
2018 жылдың наурыз айында Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өткен халықаралық «Жас ғалым» ғылыми жоба байқауында мектебіміздің 11 сынып оқушысы Ахунбаева Эхсана 3 орынды иеленді. «Елге сіңірген еңбек жақсы, еңбекті елеген ел жақсы»деп даналар айтқандай облыс әкімі Мырзахметов Асқар Исабекұлының дарынды оқушылармен ұйымдастырылған кездесуіне Ахунбаева Ихсана шақырылып, облыс әкімінің «Алғыс хатымен» және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Малайзия мемлекетінің астанасы Куала- Лумпур қаласында өткен халықаралық UCMAS менталды арифметика байқауында мектебіміздің 3 сынып оқушысы Атымтай Нурмухамад 2 орынды иеленді. Ресей Федерациясының астанасы Москва қаласында (548 Царицына мектебі) өткен халықаралық математикалық байқауында 4 сынып оқушысы Ахунбаев Имран І дәрежелі дипломымен марапатталды. Химия пәнінің мұғалімі Б.Б.Болғанбаеваның жетекшілік етуімен 9 сынып оқушысы Асан Назира халықаралық ғылыми-практикалық конкурсына (Қарағанды қ.) қатысып, «Ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысы» номинациясы бойынша ІІІ орынды иеленді.
«Ұлы Дала дарыны» , «Зерде» Республикалық ғылыми жоба байқауларының І орын жүлдегері Мухамедова Диана «Дарынды бала» медалімен марапатталып, Халықаралық энциклопедияға енгізілді.
«Ақ бота» интеллектуалдық марафонына мектебіміздің 4-11 сынып оқушылары қатысып, 49 оқушы түрлі орындарды иеленді. «Кенгуру», «Пони» «КИО» байқауларына бойынша қатысқан оқушылар 52 жүлделі орындармен
марапатталды.
Сондай- ақ, аудан тарапынан өткізілген «Әбіш оқулары», «Өлең сөздің патшасы...», «Өрле Қазақстан», «Атадан қалған мұрамыз», «Сүйікті қалам-Астана», «Денсаулық- зор байлық», «Қажетсіз заттың екінші өмірі» көрмесі«Табиғат әлемі - балалар көзімен», «Жұлдызды сәт», «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» , «Білекті бірді жығады....» , «Білекті бірді жығады....» , «Жаһандық әлемдегі заманауи Қ-қ білім», «Кітап - сарқылмас рухани қазына», «Таза табиғи орта - Қ-н 2050» байқауларына мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі 26 орындарға ие болды.
Халықаралық «Шын-Олимп» математика байқауында жалпы - 40 жүлделі орын: 1 орынды -11 оқушы, 2 орынды -22 оқушы, 3 орынды -7 оқушы иеленді.
Мектебіміздің оқушылары қашықтық олимпиадалары мен байқауларынан да қалыс қалмайды, мысалы: «BRITISH BULLDOG», «ZIAT» ҒӘО, «Жыл жауқазыны», «Қыс қызығы», «Әке –асқар тау», «Ш.Уалиханов олимпиадасы», «Инфоурок», «Английский язык», «Супертурнир», «Халықаралық монопәндік супертурнир» байқаулары.
Мектебіміздің оқушылары мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарындарында, атап айтсақ: №30 балалар жасөспірімдер спорт мектебі, №1 балалардың саз мектебі, «Жерұйық» жас натуралистер станциясы, «Аквариумшілер» үйірмесі, «Тарлан» дене шынықтыру - сауықтыру кешенінде де білімдерін жетілдіруде.
Мектеп базасында қосымша: «Ритмика», «Драма», «Саз әлемі», «Мәдени мұра», «Жас тілші», «Web шебер», «Мәдени туризм», «Жас географ», «Жас биолог», «Шебер қолдар» үйірмелері де жұмыс жасады. Сонымен қатар, мектеп ұжымы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының бағыттарын іске асыруға өз үлестерін қосты.
Нәтижеге бағытталған білім сапасын қөтеру және жан – жақты қалыптасқан тұлға тәрбиелеу барысында лицей ұстаздары тынымсыз еңбек етуде. Оның айғағы ретінде мектебіміздің оқушыларының білім сапасының жылдан жылға жоғары жетістіктерге қол жеткізумен қатар, Ұлттық Бірыңғай Тест тапсыру кезеңінде мектеп түлектерінің көрсеткіштері де көз қуантарлық. Атап айтсақ, биылғы мектеп бітірген 43 түлегіміздің тест тапсыру кезеңіндегі орташа балы 84,8, оның ішінде 12 «Алтын белгі» иегерлері өз білімдерін лайықты деңгейде көрсете білді. Қазіргі таңда барлық түлектер жоғары оқу орындарының студенті атанып, оның 18 – і грант иегері болды.
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой - өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - заман талабы. 2017-2018 оқу жылында «Жібек жолы
мектеп-лицейі» ҒЗИ, ғылыми орталықтары және ҚР ЖОО-мен, атап айтсақ Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясы, «Орталық Қазақстан академиясы», «М.Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті», «Сібір ақпараттық технология және бизнес институты», «Большая Международная Энциклопедия» білім беру жобалары жасалынып, алдағы жылдарда бірлескен жұмыс жүргізу туралы келісім шарт жасалынды. Жобалардың тиімді іске асырылуының қорытындысы:
1. Толеуова А.И., Жиренбаева К.Д.- «Сөз таптары әлемінде» тақырыбындағы
авторлық бағдарлама;
2. Джанкиева Б.Х. - «Механика» ҰБҒ-ға байындық – оқу - әдістемелік құралы;
3. Джанкиева Б.Х. - «Физика ж/е Қазақстан энергетикасы» қолданбалы курс
бағдарламасы;
4. Ибашева К.Е.- «»
5. Кобец Н.Н. «Руский язык и литература» жұмыс дәптері;
6. Мамырбаева А.А. «Қызықты грамматика» (ағылшын тілінен) авторлық бағдарлама.
Республикалық «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығының байқаулары мен қашықтық олимпиадаларына мектебіміздің мұғалімдері де үздіксіз қатысып отырады. 2018 жылдың ақпан айында «Қазіргі білім беру үрдісі: тәжірибе, дәстүр, инновация» атты ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конкурсында «Ең үздік ашық сабақ» атты номинациясы бойынша ІІ орынға қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі С.А.Мырзакулова ие болды.
Аудандық, облыстық және республикалық байқаулар мен қашықтық олимпиадаларына мектеп мұғалімдері де қатысып, өз білімдерін шыңдауда. 23 мұғалім келесі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды:
- «КИО» байқауы, «NIO» геогрф.пәні б-ша байқау, Өрлеу БАҰО, «Лучшая
проектная работа», «Қазақстан ұстазы», ІІ дәрежелі диплом; «Конкурс разработок
уроков»,«Жаңа ғасыр таланттары» шығарма байқауы , «Тоғыз құмалақ»- ІІІ орын;
Кожагельдиева П.М.-1 орын (Үздік педагог) байқаудың аудандық кезеңі, «Өзі
өзін тану» байқауы.
Мектеп мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісу мақсатында аудан, облыс, республика көлемінде семинарлар, ғылыми әдістемелік және прессконференциялар өткізумен қатар, басылымдарға өз мақалаларын жариялауды әдетке айналдырған:
2017-2018 оқу жылында Қарағанды обл.өткен «Білім мазмұнын жаңарту: жаңа мүмкіндіктер мен даму болашағы» атты халықаралық ҒТК 11 мұғалім; Шымкент қ. «Әуезов оқулары-16» атты халықаралық ҒТК- 6 мұғалім; ҚР қазақ халқы академиясы. ХҒТК - 4 адам; Ә.Сәдуақасовтың 80 жылдығына орай ұйымдастырылған конференцияға А.Т.Джангарашева мақаласын жіберсе, К.С.Сейдильдаева «ЕХРО-2017» болашақ технология көпірі» ХҒПК- І дәрежелі диплом;
Республикалық ғылыми-әдістемелік басылымдарда және ғылыми-практикалық конференцияларда мұғалімдер тарапынан мақалалар да жиі жарияланып тұрады:
1. Қарағанды обл. «Бұқар жырау» атты республикалық конф.;
2. «Тағылым» республ.ғыл-әд.журнал;
3. «Алаш ұстазы»республикалық журнал;
4. «SKILLS АCАDEMY» республикалық ғылыми жинақ;
Республикалық деңгейдегі грамоталар/мадақтаулар/алғыс хаттарына мектебіміздің 2 мұғалімі - ҚР Бж/еҒМ Құрмет грамотасымен; «Өрлеу» БАҰО-алғыс хатымен 4 мұғалім, түрлі байқаулардың мадақтау қағаздары/алғыс хаттарымен 30 мұғалім марапатталған.
Мектепте атқарылып жатқан қыруар іс-шараларға ата- аналар қауымының үлесі орасан зор. Мектеп әкімшілігі жыл қорытындысы бойынша ата – аналар еңбегін бағалап, марапаттап отырады.
«Тәжірибе негізі ғылым, даналық негізі білім» дегендей білім сапасының артуына өз үлесін қосып, талмай-қажымай еңбек етіп келе жатқан ұстаздар қауымының өз тұғырынан түспей, әлі де біраз белесті бағындыруына сеніміміз мол.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Жамбыл облысы Шу қаласы
«Жібек жолы мектеп – лицейі» КМК
Мектеп келешек ел басқаратын, жерін елі мен халқының мерейін өсіріп, мәртебесін биіктететін жасампаз жандарды тәрбиелейтін киелі де, қасиетті ұя. Ал сол мектептің негізгі тірегі - білімді де білікті ұстаз. Қазіргі заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, білім бәйгесінде, дүбірлі жастардан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару - осы ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі. Осы орайда лицейде дәл осындай қабілет пен қастерді бойына сіңіре білген 70 – ке тарта ұстаз еңбек етеді. Оның ішінде:
Жоғары білімді Орта арнаулы Жоғары санат 1-санат 2-санат Санатсыз
60 10 36 16 4 14
Бүгінгі күнге жаңартылған білім мазмұны бойынша мектептің 33 мұғалімі (48%) курсан өтті. Деңгейлік курстан 13 (19%), ағылшын тілінде 5 (7%) мұғалім курстан өткен.
Барлығы Деңгейлік курстан өткендер Жаңартылған білім мазмұны б-ша курстан өткендер Ағылшын тілінде курстан өткен мұғалімдер
51 13 (19%) 33 (48%) 5 (7%)
2018-2019 оқу жылында физика, химия және биология пәндері ағылшын тілінде оқытылу жоспарлануда.
Жыл сайын республикалық «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығы еліміздегі дарынды оқушыларды анықтау, оларды оқыту мен дамыту мақсатында республикалық және халықаралық дәрежедегі өткізілетін пән олимпиадалары, ғылыми жоба байқаулар мен интеллектуалды шараларға да біздің лицейдің оқушылары үнемі қатысып отырады. Атап айтсақ, Республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңіне мектебіміздің 25 оқушысы қатысып, 20 жүлделі орын: І орынды - 6 оқушы, ІІ орынды -11 оқушы, ІІІ орын-3 оқушы иеленіп, І орын алғандар облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңде 3 оқушы – ІІІ орынды иеленіп, 2 оқушы- білім басқармасының басшысының алғыс хатымен марапатталды.
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп отырған кезеңде, мектебіміздің оқушылары да тәжірибелі мұғалімдердің жетекшілігімен жаңа технологияларды пайдалана отырып керемет ғылыми жобаларды іске асырып келеді. Көргеннен, білгеннен аспау, жоқты іздемеу ой мешеулігі дегендей, біздің оқушыларымыз пән олимпиадасымен шектеліп қана қоймай, ғылыми жобалар байқауларына да қатысып, жүлделі орынға ие болып жүргенін атап айтқым келеді. 2017-2018 оқу жылында жүзеге асқан ғылыми жобалардың саны - 16-ға жетті.
«Зерде» Ғылыми жоба байқауының аудандық, облыстық, республикалық кезеңдерінде «Туған жердің суын зерттеу және қорғау» тақырыбында 7 сынып оқушысы Серікбай Әліби 1 орынға ие болды жетекшісі Джангарашева Ардақ Толепбайқызы.
Сонымен қатар;
-9 сынып оқушысы Асан Назира Б.Б.Болғанбаеваның жетекшілік етуімен «Табиғи өнімдерден индикаторлар әзірлеу» тақырыбында
-9 сынып оқушысы Орынбасар Жалғас Э.Бекболатованың жетекшілігімен «Көне Баласағұн» тақырыбында;
- 10 сынып оқушысы Атымтай Нұршолпан З.Валиеваның жетекшілігімен «Жауын құрты» тақырыбындағы ғылыми жобаларымен аудан, облыс, республика көлемінде өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі орындар мен алғыс хаттарға ие болды.
2018 жылдың наурыз айында Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өткен халықаралық «Жас ғалым» ғылыми жоба байқауында мектебіміздің 11 сынып оқушысы Ахунбаева Эхсана 3 орынды иеленді. «Елге сіңірген еңбек жақсы, еңбекті елеген ел жақсы»деп даналар айтқандай облыс әкімі Мырзахметов Асқар Исабекұлының дарынды оқушылармен ұйымдастырылған кездесуіне Ахунбаева Ихсана шақырылып, облыс әкімінің «Алғыс хатымен» және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Малайзия мемлекетінің астанасы Куала- Лумпур қаласында өткен халықаралық UCMAS менталды арифметика байқауында мектебіміздің 3 сынып оқушысы Атымтай Нурмухамад 2 орынды иеленді. Ресей Федерациясының астанасы Москва қаласында (548 Царицына мектебі) өткен халықаралық математикалық байқауында 4 сынып оқушысы Ахунбаев Имран І дәрежелі дипломымен марапатталды. Химия пәнінің мұғалімі Б.Б.Болғанбаеваның жетекшілік етуімен 9 сынып оқушысы Асан Назира халықаралық ғылыми-практикалық конкурсына (Қарағанды қ.) қатысып, «Ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысы» номинациясы бойынша ІІІ орынды иеленді.
«Ұлы Дала дарыны» , «Зерде» Республикалық ғылыми жоба байқауларының І орын жүлдегері Мухамедова Диана «Дарынды бала» медалімен марапатталып, Халықаралық энциклопедияға енгізілді.
«Ақ бота» интеллектуалдық марафонына мектебіміздің 4-11 сынып оқушылары қатысып, 49 оқушы түрлі орындарды иеленді. «Кенгуру», «Пони» «КИО» байқауларына бойынша қатысқан оқушылар 52 жүлделі орындармен
марапатталды.
Сондай- ақ, аудан тарапынан өткізілген «Әбіш оқулары», «Өлең сөздің патшасы...», «Өрле Қазақстан», «Атадан қалған мұрамыз», «Сүйікті қалам-Астана», «Денсаулық- зор байлық», «Қажетсіз заттың екінші өмірі» көрмесі«Табиғат әлемі - балалар көзімен», «Жұлдызды сәт», «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» , «Білекті бірді жығады....» , «Білекті бірді жығады....» , «Жаһандық әлемдегі заманауи Қ-қ білім», «Кітап - сарқылмас рухани қазына», «Таза табиғи орта - Қ-н 2050» байқауларына мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі 26 орындарға ие болды.
Халықаралық «Шын-Олимп» математика байқауында жалпы - 40 жүлделі орын: 1 орынды -11 оқушы, 2 орынды -22 оқушы, 3 орынды -7 оқушы иеленді.
Мектебіміздің оқушылары қашықтық олимпиадалары мен байқауларынан да қалыс қалмайды, мысалы: «BRITISH BULLDOG», «ZIAT» ҒӘО, «Жыл жауқазыны», «Қыс қызығы», «Әке –асқар тау», «Ш.Уалиханов олимпиадасы», «Инфоурок», «Английский язык», «Супертурнир», «Халықаралық монопәндік супертурнир» байқаулары.
Мектебіміздің оқушылары мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарындарында, атап айтсақ: №30 балалар жасөспірімдер спорт мектебі, №1 балалардың саз мектебі, «Жерұйық» жас натуралистер станциясы, «Аквариумшілер» үйірмесі, «Тарлан» дене шынықтыру - сауықтыру кешенінде де білімдерін жетілдіруде.Мектеп базасында қосымша: «Ритмика», «Драма», «Саз әлемі», «Мәдени мұра», «Жас тілші», «Web шебер», «Мәдени туризм», «Жас географ», «Жас биолог», «Шебер қолдар» үйірмелері де жұмыс жасады. Сонымен қатар, мектеп ұжымы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының бағыттарын іске асыруға өз үлестерін қосты.
Нәтижеге бағытталған білім сапасын қөтеру және жан – жақты қалыптасқан тұлға тәрбиелеу барысында лицей ұстаздары тынымсыз еңбек етуде. Оның айғағы ретінде мектебіміздің оқушыларының білім сапасының жылдан жылға жоғары жетістіктерге қол жеткізумен қатар, Ұлттық Бірыңғай Тест тапсыру кезеңінде мектеп түлектерінің көрсеткіштері де көз қуантарлық. Атап айтсақ, биылғы мектеп бітірген 43 түлегіміздің тест тапсыру кезеңіндегі орташа балы 84,8, оның ішінде 12 «Алтын белгі» иегерлері өз білімдерін лайықты деңгейде көрсете білді. Қазіргі таңда барлық түлектер жоғары оқу орындарының студенті атанып, оның 18 – і грант иегері болды.
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой - өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - заман талабы. 2017-2018 оқу жылында «Жібек жолы
мектеп-лицейі» ҒЗИ, ғылыми орталықтары және ҚР ЖОО-мен, атап айтсақ Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясы, «Орталық Қазақстан академиясы», «М.Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті», «Сібір ақпараттық технология және бизнес институты», «Большая Международная Энциклопедия» білім беру жобалары жасалынып, алдағы жылдарда бірлескен жұмыс жүргізу туралы келісім шарт жасалынды. Жобалардың тиімді іске асырылуының қорытындысы:1. Толеуова А.И., Жиренбаева К.Д.- «Сөз таптары әлемінде» тақырыбындағы