Жаңартылған білім беру сыныптарында жылдық баға қалай шығарылады? » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жаңартылған білім беру сыныптарында жылдық баға қалай шығарылады?
14
май
2018

Жаңартылған білім беру сыныптарында жылдық баға қалай шығарылады?

Облыстық, Астана және Алматы
қалалық білім басқармалары
Республикалық орта білім беру ұйымдары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті төмендегілерді хабарлайды.
Жаңартылған білім беру мазмұнында оқитын сыныптарда білім алушылардың оқу пәндері бойынша жылдық бағалары тоқсандық бағалардың орташа арифметикалық мәнін ең жақын бүтін санға дөңгелектеу арқылы есептеледі және қорытынды баға болып табылады.
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында аралық аттестаттау, жылдық жиынтық бағалау және оқу жылының қорытындысы бойынша басқа да бақылау формалары өткізілмейді.
Жиынтық бағалау қорытындысы бойынша тоқсандық бағалар «4», «4», «5», «5» болған жағдайда, орташа арифметикалық мән «4,5» дөңгелектенеді жылдық баға «5» болады.
Аталған норма электрондық журналда қарастырылмаған, сондықтан бүгінгі күні электронды журналдың ақпараттық жүйесіне өзгерістер енгізілуде.
Осы ақпаратты білім алушыларға қорытынды баға қою кезінде жұмыс үшін орта білім беру ұйымдарына жеткізуді сұраймыз.


Директор Ш. Каринова


Т. Жакенов
Тел. 74-20-48


Управления образования областей,
городов Астаны и Алматы образования

Департамент дошкольного и среднего образования Министерства образования и науки Республики Казахстан сообщает следующее.
Годовая оценка по учебным предметам в классах с обновленным содержанием образования выставляется как среднее арифметическое значение четвертных оценок с округлением к ближайшему целому, и является итоговой оценкой.
Промежуточная аттестация, годовое суммативное оценивание и др. формы контроля по итогам учебного года не проводятся.
При выставлении по итогам суммативных работ четвертных оценок «4», «4», «5», «5», годовая оценка как среднее арифметическое значение будет «4,5», которое необходимо округлит до «5» в пользу обучающихся.
Обращаем внимание, что указанная норма не предусмотрена в электронных журналах и настоящее время вносятся изменения в информационную систему электронного журнала.
Данную информацию просим довести до сведения организаций среднего образования для использования в работе при выставлении итоговых оценок обучающихся.

Директор Ш. Каринова