ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ VІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗ ҚОҒАМДЫҚ «ҮЗДІК ҰСТАЗ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ VІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗ ҚОҒАМДЫҚ «ҮЗДІК ҰСТАЗ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ.
15
май
2019

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ VІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗ ҚОҒАМДЫҚ «ҮЗДІК ҰСТАЗ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ.

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ  VІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗ ҚОҒАМДЫҚ «ҮЗДІК ҰСТАЗ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ.Кәсіби іс-әрекетінде жоғары нәтижелерге жеткен шығармашыл еңбеккерлерді анықтау, олардың алдыңғы қатарлы тәжірибелерін зерттеу және тарату, кәсіби шеберліктерін арттыруға қолдау көрсету, олардың жеке жетістіктерін білу мақсатында Қазақстан ПҒА Президиумы VІІІ тәуелсіз қоғамдық «Үздік ұстаз» байқауын өткізу туралы шешімін қабылдады.
Байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының мектеп және лицейлерінің ұстаздары қатысты.
Байқау нәтижелерін шығару үшін Комиссия құрылды, оның құрамына алдыңғы қатарлы ғалымдар, педагогтар, мектеп директорлары мен директордың орынбасарлары, біліктілікті көтеру институтының және қоғамдық ұйым қызметкерлері енді. Байқау комиссиясы нәтижені бағалау критерийлерінің негізінде шығарды.
Қазақстан ПҒА Президиумы Байқау комиссиясының шешімін бекітті. Жамбыл облысы Шу қаласы бойынша VІІІ республикалық тәуелсіз қоғамдық байқаудың жеңімпазы болып «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ физика пәнінің жоғары санатты мұғалімі, педагог-шебер Джанкиева Баян Хамиджановна анықталды.