«Жастары белсенді елдің - ертеңі жарқын» тақырыбында медиа форум өткізілді. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жастары белсенді елдің - ертеңі жарқын» тақырыбында медиа форум өткізілді.
19
март
2019

«Жастары белсенді елдің - ертеңі жарқын» тақырыбында медиа форум өткізілді.

2019 жылдың 14 наурызы күні Жамбыл облысы Шу қаласы «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ «Жастары белсенді елдің - ертеңі жарқын» тақырыбындағы медиа форум өткізілді. Шараның мақсаты:
1. Дарынды оқушылардың жеке қасиеттерін ашу арқылы, оқушыға деген ізгілік қарым – қатынас көрсету.
2. «Даналық бейсенбісі» жобасын жүзеге асыру.
3. Мектепішілік «Жас жігер» ғылыми қоғамының мүшелігіне қабылдау.
«Жастары белсенді елдің - ертеңі жарқын» тақырыбында медиа форум өткізілді.

Медиа форумды ашып беру үшін мектеп директоры А.Т.Джангарашеваға сөз берілді.
Шараға педогогика ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, Ресей білім академиясының шетелдік мүшесі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқарбек Құсайынов мырза шақырылды.
«Жастары белсенді елдің - ертеңі жарқын» тақырыбында медиа форум өткізілді.

Форум мектептің дарынды оқушыларын мадақтайтын презентациямен басталып, 2019 жылдың 27 ақпаны мен 04 наурызы аралығында Оңтүстік Кореяның Г.Тэджон қаласында өткен «Жас ғалым» Халықаралық ғылыми байқауында «Влияние искусственного интеллекта на масс - медиа» тақырыбында ғылыми жобасымен қатысып, жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған Жаңқабай Балнұрды мектепішілік «Жас жігер» лицей ғылыми қоғамына мүшелікке қабылдаумен ұласты. Б.Жаңқабайдың ғылыми жетекшісі: орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Кобец Нина Николаевна.
«Жастары белсенді елдің - ертеңі жарқын» тақырыбында медиа форум өткізілді.

Балнұр Оңтүстік Кореяда өзінің жұмысын жоғары дәрежеде көрсете білгенінің нәтижесі: Оңтүстік Кореядағы медициналық академияларға 50% жеңілдікпен грант иесі атанып, ал өз еліміздің медициналық академияларының толық гранты иегері атанғаны.
Шараның негізгі бөлімі сұрақ-жауап кезеңі болды. Оқушылар академик А.Құсайынов мырза мен Халықаралық байқау жеңімпазы Б.Жаңқабайға көкейкесті сұрақтарын қойды. Оқушыларды академик мырзаның ғылым жолы өте қызықтырды.Сұрақтар сан қыйлы болды. А.Құсайынов мырзаның жауаптары қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
«Жастары белсенді елдің - ертеңі жарқын» тақырыбында медиа форум өткізілді.

Шара соңы А.Құсайынов мырзаның аудан мектептерінің директорлары мен мектеп мұғалімдерінің кездесуімен жалғасты. «Орта білім беру жүйесіндегі дағдарыс: шығу жолдары» атты еңбегімен таныстырды. Аталған еңбекте орта білім саласындағы дағдарыстан шығудң нақты тұжырымдамасы ғылыми түрде дәлелденген. Жақында осы жұмыс ҚР Білім және ғылыми министрлігінің назарына ұсынылғаны сөз етілді. 30-дан аса көлемді еңбектердің, 300-ден аса мақалалардың авторы, белгілі ғалым Асқарбек Құсайынов жоғарыда аталған еңбегінің ең маңызды деген тұстарын, ғалымның орамды ойларын педагог қызметкерлердің назарына ұсынды. Соңында пеагог қызметкерлерге «Білім беру сапасын көтерудің ғылыми-практикалық негізі» тақырыбында лекция оқылды.