Оқушылардың мектепішілік пәндік олимпиадасы » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқушылардың мектепішілік пәндік олимпиадасы
30
ноябрь
2018

Оқушылардың мектепішілік пәндік олимпиадасы

Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аймақтық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында, мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 26, 27 қарашасы күндері мектепішілік пәндік олимпиада өткізілді.
Оқушылардың мектепішілік пәндік олимпиадасы

Олимпиада келесі негізгі пәндер бойынша өткізілді:
1) қазақ тілі мен әдебиеті;
2) қазақстан тарихы;
3) орыс тілі мен әдебиеті;
4) ағылшын тілі;
5) математика;
6) физика;
7) информатика;
8) химия;
9) биология;
10) география;
11) құқық негіздері
Оқушылардың мектепішілік пәндік олимпиадасы

Олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық пәндері бойынша 9-11 сыныптар оқушылары қатыстырылды.
Олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен озық шыққан оқушылар іріктеліп, аудандық пәндік олимпиадаға қатысатын команда жасақталды және алдағы кезеңдерге дайындық жұмыстары ұйымдастырылуда.