05
октябрь
2018
«Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ «Астана – бейбітшілік бесігі» атты тақырыпта жалпықазақстандық ашық диктанты өтті.
«Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ «Астана – бейбітшілік бесігі» атты тақырыпта жалпықазақстандық ашық диктанты өтті. Шара Шу ауданды әкімдігі білім бөлімінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Ашық диктант – мемлекеттік тілді білуге қатысушылардың қызығушылықтарын арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуды мақсат етеді.
Аталмыш шара республикалық «Мың қала» жобасының аясында өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылар «әрбір адам үшін сауатты жазу маңызды» дейді. Диктант жазуға мектебіміздің 8,9,10,11 сынып оқушылары қатысты. Ашық диктант, әсіресе, орыс тілінде оқитын сыныптардың оқушылары үшін мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылықтарын арттыра түспек.
Айта өтейік, жалпықазақстандық ашық диктанты бір уақытта Шу ауданының барлық мектептерінде өткізілді.