Облыс әкімімен кездесу. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
июнь
2018

Облыс әкімімен кездесу.

 Облыс әкімімен кездесу.
12.06.2018ж. Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовтың Халықаралық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жоба жеңімпаздарымен кездесуіне мектеп-лицейіміздің 11 сынып оқушысы Ахунбаева Эхсана қатысты. Кездесу пікір алмасу түрінде өтті.

Облысымыздың дарынды оқушылары әкімге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды. Оқушылар бұл пікір алмасуда Елбасымыздың биылғы халыққа жолдауындағы білім мен тәрбиеге байланысты тапсырмаларын орындауға өз үлестерін жеңістері арқылы орындауға дайын екендерін атап өтті.
Өз кезегінде облыс әкімі дарынды балаларды жетістіктерімен құттықтап, алдағы кезде де білім мен ғылым жолында тек жоғары биіктерден көрінулеріне тілегін білдірді.
Әкім өз тарапынан әр жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырды. Кездесуге мектеп директоры А.Т.Джангарашева мен жеңімпаздың жетекшісі З.С.Валиева шақырылды.
Облыс әкімімен кездесу.