Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!» акциясы өткізіледі. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!» акциясы өткізіледі.
20
февраль
2017

Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!» акциясы өткізіледі.

Біз  салауатты  өмір  салтын  таңдаймыз!»  акциясы  өткізіледі.Дайындаған: Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Н.С. Абдыманапова Ж.К. Джуманбаева.


Түсінік хат.
Мектеп оқушылары мен мұғалімдердің, сонымен қатар, мектеп әкімшілігінің бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралының бірі – мектепішілік акциялар болып табылады. Акция барысында мектеп ұжымы мен оқушылар бір шығармашылық тақырып аймағында бірігеді.

Мақсаты:
Педагогтар мен оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға шақыра отырып, мектепішілік позитивті психологиялық ахуал қалыптастыру.

Міндеттері:
• Қатысушыларға салауатты өмір салтын дәріптеу;
• Оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынасын дамыту;
• Мұғалімдердің спортқа құлшынысын арттыру;
• Адам денсаулығының маңыздылығы туралы білімін тереңдету.

Күтілетін нәтиже:
• Қатысушылардың салауатты өмір салтына ұмтылуы;
• Оқушылардың коммуникативтік қарым –қатынасының жақсаруы;
• Мектеп ұжымы мен балалар арасындағы позитивті психологиялық ортаның қалыптасуы.
Біз  салауатты  өмір  салтын  таңдаймыз!»  акциясы  өткізіледі.
«БЕКІТЕМІН»
«Жібек жолы» мектеп-лицейінің
директоры: А.Т. Джангарашева
________________
«___»___________2017ж

Қазақстанда 2017 жылы 28 қаңтар мен 08 ақпан аралығындағы 28 қысқы Универсиада қарсаңында «Жібек жолы» мектеп-лицейінде
«Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!» акциясы өткізіледі.
Акция мектеп медбикелері, дене тәрбиесі мұғалімдері, әлеметтік педагог, мектеп психологтары және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасымен келісіліп жоспарланды.

№ Іс – шара атауы Өткізілетін күні мен уақыты Өткізілетін орны Жауапты
1 «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз» акциясының ашылуы 06.02.2017ж
Сағ. 10:40 Жаңа корпус дәлізі 1.ДТІЖО:
А.Б. Аймаханова
2. Өзін өзі тану пәнінің
мұғалімдері:
Н.С. Абдыманапова
Ж.К.Джуманбаева
3. Мектеп медбикесі:
Г.К. Кусаинова
4.Мектеп психологы:
А.Ж. Қоғабаева
5. Әлеуметтік педагог:
А.Б.Ердәулет
2 «Денсаулық марафоны»
тақырыбындағы мектеп ұжымы арасындағы спорттық сайыс. 07.02.2017ж
Сағ. 15:00 Спорт зал 1. Дене тәрбиесі мұғалімдері
2. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері.
3 «Денсаулық марафоны»
тақырыбындағы 9-10 сынып оқушылар арасындағы эстафеталық жарыс 08.02.2017ж
Сағ. 15:00 Спорт зал 1. Дене тәрбиесі мұғалімдері
2. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері