ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
июль
2018

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

«Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ Шу қаласында орналасқан. Мектеп-лицейде 2017 - 2018 оқу жылында сабақ беретін 69 мұғалім жұмыс істеді. Оның ішінде: 61 жоғары білімді, 8 арнаулы орта білімді мұғалімдер.
Жоғары санатты-35, Бірінші санатты-16, Екінші санатты-4 санаты жоқ - 14 мұғалім еңбек етеде.
Мектептің материалдық-техникалық базасы жылдан жылға жаңартылуда. Мектепте 1 спорт зал, 1 кітапхана, жалпы қоры - 21792 дана оқулықтары бар, оның ішінде: сыныптар бойынша оқулықтар - 11142, әдеби кітаптар – 9850, әдістемелік кітаптар – 800 және 80-электронды оқулықтар. Оқу кабинеттерінің саны – 23; 30 орындықты асханасы, 1 медициналық қызмет кабинеті, 1 мультимедия кабинеті, 1 информатика кабинеті, 8 интерактивті тақтамен жабдықталған кабинеттері бар.


ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫНА ТАЛДАУ

Шағын аудандар туралы мәлімет
Шағын мөлтек аудандардың қала округіне сәйкес келетін картасы құрылып, «Жібек жолы мектеп - лицейі» КММ мөлтек ауданына Шу қаласының әкімдігімен бекітілген көшелер бойынша 0 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды оқумен қамтамасыз ету міндеттелген.