IT сыныбының ашылу салтанаты. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » IT сыныбының ашылу салтанаты.
31
август
2018

IT сыныбының ашылу салтанаты.

2018 жылдың 30 тамызы – еліміздің Ата Заңы – Конституция күні қарсаңында мектебімізде ІТ сыныбы ашылды. Роботехника өнеріне қызығушылығы бар кез келген өнертапқыш осында келіп білім ала алуына мүмкіндік пайда болды. Бұл шәкірттердің дарынын ұштап, сандық технологиялар бағытындағы білімін арттыруға жол ашатын бір бағыт деп есептейміз. ІТ сыныбы - барлық оқушыларға арналған. Бұл жоба Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы аясында іске асырылды. Сыныпты «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, партия Шу аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Досаев Қайрат Әскербекұлы мен мектебіміздің ардақты ұстазы Нажетханов Нурсахан ашты.
ІТ сыныбы тың идеялар мен жаңа ізденістерге жол ашады деген үміт мол. Кабинет 3 Д принтерімен, 3 Д сканерімен, мультимедиялық тақтамен, жеке модельдерді құрастыруға арналған құрылғылармен, робототехника жиынтықтарымен жабдықталған. Инновациялық технологияны игеруге икемі бар жас таланттардың білімін арттырып, шеберлігін шыңдауға жағдай жасалып, түрлі байқауларға дайындалуға мүмкіндігін кеңейтіп отыр.
 

IT сыныбының ашылу салтанаты.

 

IT сыныбының ашылу салтанаты.

 

IT сыныбының ашылу салтанаты.

 

IT сыныбының ашылу салтанаты.

 

IT сыныбының ашылу салтанаты.

 

IT сыныбының ашылу салтанаты.

 

IT сыныбының ашылу салтанаты.

 

IT сыныбының ашылу салтанаты.

 

IT сыныбының ашылу салтанаты.