ЖАС ҒАЛЫМ » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
апрель
2021

ЖАС ҒАЛЫМ

ЖАС ҒАЛЫМ
Жамбыл облысы Шу қаласының «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ 5 сынып оқушысы Садықбай Амира «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ творчестволық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен ғылыми жобалар байқауына «Ақылды үй» тақырыбымен қатысып, І-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Амираныі бұл ғылыми жобасының мақсаты- Қазақстанның географиялық және климаттық жағдайына төзімді әрі экологиялық таза үйді жобалап салу. Әрі бұл ағаштан жасалған үй арқылы энергияны үнемдеу, шығынды азайту жолында көзделіп отыр. Ақылды үй күн энергиясынан қуат алады. Оның қабырғасы мен едені және терезесі ағаштан жасалған. Үйде ешқандай компьютер, микротолқынды пеш жоқ және үйдің айналасында бау-бақша өсімдіктері отырғызылған. Амира макетті жасау арқылы осындай экологиялық таза үй денсаулыққа ешқандай зиян келмейтініне сенім білдірді. Осы жоба арқылы қазіргі жаhандану заманында барлығы осындай техникаға байланысты екенін, бірақ адамдар оның денсаулыққа қаншалықты зиян екенін білгендігін қалап, оны жергілікті билік өкілдеріне ұсынғысы келетінін жеткізді.