Байланыс » Страница 3 » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу
21
апрель
2022
Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу
«2022 – Балалар жылы» және әскери-патриоттық айлығының жоспары аясында бүгін, «Жібек жолы» мектеп-лицейі «Ауған асуында от кешкендер» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері Теңізбаев Марат пен Далабаев Нұрдаулет қатысты. Жас буынды ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында Ауған соғысының ардагерлері өздерінің бастан кешкен оқиғаларын жастарға жеткізіп, мұңмен еске алды.Әңгіме барысында оқушылар қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Түлекпен кездесу
20
апрель
2022
Түлекпен кездесу
Бүгін, 20 сәуірде «Жібек жолы мектеп-лицейінде» «Жомарт түлек» жобасы аясында 1995 жылғы мектептің алғашқы түлектерінің бірі Нұртаева Гүлбайрам Сейітжановнамен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: «Жомарт түлек» жобасы аясында түлектеріміздің табысты өмір жолын үлгі ету, мектеп оқушыларының болашақта таңдайтын мамандықтарын дұрыс таңдай білуге бағыт-бағдар беру. Келген түлегіміз қазіргі таңда жеткен жетістіктеріне мектеп қабырғасында алған білімінің, оқуға деген құштарлығының, аянбай еңбек
"Зорлык-зомбылыксыз балалык шақ!"
20
апрель
2022
"Зорлык-зомбылыксыз балалык шақ!"
Ағымдағы жылдың 20 сәуір күні мектебімізде "Өз өмірің- өз қолыңда!"атты акция аясында мектеп оқушыларымен "Зорлык-зомбылыксыз балалык шақ!" ұранымен акция ұйымдастырылды. Жиын барысында жасөспірімдерге әр баланың балалык шағының бақытты болуы тиіс екен, өз өміріміздің жарқын болуы әр адамның өз қолында екенін, өміріміздің жарқын болуына ең алдымен жақсы білім алып, адамгершілік қасиеттерімізді жоғары бағалап,адал еңбектің арқасында жететінімізді түсіндіріп өтіп,айналамыздағы адамдармен тек қана
Егемен елдің ертеңі – Жас сарбаз
16
апрель
2022
Егемен елдің ертеңі – Жас сарбаз
2022 жылы «Балалар жылы» және Ұлы Отан соғысының 77 жылдығы мен ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған «Патриот» әскери-патриоттық айлығының жоспары аясында «Жібек жолы» мектеп-лицейінде Шу ауданы мен қала мектептері арасында «Жас сарбаз» байқауы өтті. «Жібек жолы» мектеп-лицейінің алғашқы әскери-технологиялық дайындық кабинетінің оқытушысы Медет Көбегенов ұйымдастырған байқау офлайн форматта өтті. Оған 7-8 сыныптары арасынан 24 жас сарбаз, соның ішінде 2 ұл мен 2 қыздан құралған алты
"Өз өмірің- өз қолыңда!" атты акция
12
апрель
2022
"Өз өмірің- өз қолыңда!" атты акция
Ағымдағы жылдың 12 сәуір күні "Өз өмірің- өз қолыңда!" атты акция барысында Шу қаласы "Жібек жолы мектеп- лицейінде" Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің " Шу қалалық жастар орталығының" инспекторы Әскербек Жансая мен Шу аудандық "Жәми" мешітінің имамы Амиреев Бахтияр Амантайұлымен мектебіміздің 9-10 сынып окушыларымен кездесу ұйымдастырылды.Кездесудің мақсаты: жасөспірімдерге қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі теріс ағымдағы діндердің әлі буыны бекімеген жастардың болашағы мен
Денсаулық сақтау күні аталды
09
апрель
2022
Денсаулық сақтау күні аталды
«Денсаулық – өмір, ал өмір – қимыл» ұранымен «Жібек жолы» мектеп-лицейінде Денсаулық сақтау күні аталып өтті. Мектеп-лицейіміздің оқушылары мен мұғалімдері аталған іс-шараға ерекше белсенділік танытты. Жаттығу кезінде балалар түрлі спорттық жаттығулар жасады. Жасөспірімдердің денсаулығын нығайту мақсатында өткізілген мұндай жаттығулар салауатты өмірге шақыруға көп көмегін тигізеді.
"Бойдағы қорқынышты төмендету" атты психологиялық тренинг
08
апрель
2022
"Бойдағы қорқынышты төмендету" атты психологиялық тренинг
"Жібек жолы мектеп-лицейінде" 2022 жылдың 8 - сәуірі күні мектеп психологтары 11 сынып оқушыларымен "Бойдағы қорқынышты төмендету" атты психологиялық тренинг жүргізді. Мақсаты: Жағымсыз уайымды жеңу, бойдағы қорқынышты төмендету, эмоциялық қобалжуды басу.
"Есірткісіз болашақ"
06
апрель
2022
"Есірткісіз болашақ"
"Жібек жолы мектеп лицейінде" 2022 жылдың 6 сәуірі күні Шу қалалық Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Төлеубек Нұрбике Болатқызы 8-9 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Тақырыбы "Есірткісіз болашақ". Мақсаты: Жасөспірімдердің зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Нашақорлық пен шылым шегуді болдырмау.
"Қауіпсіз интернет"
04
апрель
2022
"Қауіпсіз интернет"
Ағымдағы жылдың сәуір айының 04 күні Шу ауданы білім бөлімі Жамбыл облысы білім басқармасының 30.03.2022 жылғы √03-884 хатына сәйкес 2022 жылдың 1-8 сәуір аралығында "Қауіпсіз интернет" ақпараттык науқаны барысында "Жібек жол мектеп-лицейінде" 1-4 сыныптар арасында "Интернет деген не?" және 5-10 сыныптар арасында "Интернеттің пайдасы мен зияны" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының басты мақсаты:мектеп оқушыларына интернеттің пайдалы жақтары мен зиянды жақтарын, интернет
"Қош келдің әз - Наурыз!"
24
март
2022
"Қош келдің әз - Наурыз!"
2022 жылдың 18 наурыз күні Шу қаласы "Жібек жолы мектеп-лицейінде" Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай "Қош келдің әз - Наурыз!" тақырыбында 6 сыныптардың ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті. Мерекелік іс-шара Қыдыр атаның бата беруімен басталды. Кеш барысында ән-күй шырқалып, ұлттық билер биленді. Қазақтың салт-дәстүрлері: тұсаукесер, бесікке салар және т.б. көрсетілді.