Егемен елдің ертеңі – Жас сарбаз » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Егемен елдің ертеңі – Жас сарбаз
16
апрель
2022

Егемен елдің ертеңі – Жас сарбаз

2022 жылы «Балалар жылы» және Ұлы Отан соғысының 77 жылдығы мен ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған «Патриот» әскери-патриоттық айлығының жоспары аясында «Жібек жолы» мектеп-лицейінде Шу ауданы мен қала мектептері арасында «Жас сарбаз» байқауы өтті.
«Жібек жолы» мектеп-лицейінің алғашқы әскери-технологиялық дайындық кабинетінің оқытушысы Медет Көбегенов ұйымдастырған байқау офлайн форматта өтті. Оған 7-8 сыныптары арасынан 24 жас сарбаз, соның ішінде 2 ұл мен 2 қыздан құралған алты команда бақ сынасты.
Оқушылар АК-74 Калашников автоматын бөлшектеу және құрастыру, атыс алаңында дәлдеу өнерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша 1 орын Жамбыл мектебінің сарбаздары жеңімпаз атанса, 2 орын Жамбыл гимназиясы мен 40 мектеп-лицейі еншіледі. Ал «Жібек жолы» мектеп-лицейінің «Кадет сыныбы» – үздік үштікте.
Жеңімпаздар медальдар мен грамоталармен марапатталды.

Егемен елдің ертеңі – Жас сарбаз