Әкімшілік » Страница 6 » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жас қыран» қатарына  46 оқушы  қабылданды
03
декабрь
2021
«Жас қыран» қатарына  46 оқушы қабылданды
«Жібек жолы» мектеп-лицейінде бүгін ерекше мерекелі күн болды. Өйткені, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жас қыран» ұйымына қабылдау рәсімі өтті. «Жас қыран» ұйымына мектебіміздегі бастауыш сыныптың ең үздік 46 оқушысы қабылданды. Салтанатты жиын әнұранымен ашылды. Онда мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты. Ұйымға қабылданушы оқушылар  «Өз Отаны – Қазақстанның патриоты болуға, «Жас қыран» ережесін бұлжытпай, сақтап, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды
Лицей мұражайына үздік туындылар қойылды
30
ноябрь
2021
Лицей мұражайына үздік туындылар қойылды
Қарашаның 30 күні «Жібек жолы» мектеп-лицейінде «Жаратылыстану бірлестігінің» айлығын жабылу барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай макеттер көрмесі ұйымдастырылды. Шарада мектеп оқушылары Тәуелсіздік тарихынан сыр шертетін ғимараттардың макетін жасап, оны қорғап, жинаушыларды тәнті етті. Көрменің қорытындысы бойынша барлық сыныптар өз дәрежесінде бағаланып, марапатқа ие болды.
ҰБТ-ге дайындық жұмыстары
25
ноябрь
2021
ҰБТ-ге дайындық жұмыстары
"Жібек жолы мектеп-лицейінің" 11-сынып оқушылары алтын белгісіне және үздік аттестатқа үміткер оқушыларымен жоспарға сәйкес әр аптаның сәрсенбі,сенбі күндері Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындақ жұмыстары жүргізілуде.
Түсіндірме жұмыстары (вакцина)
18
ноябрь
2021
Түсіндірме жұмыстары (вакцина)
"Жібек жолы мектеп-лицейінде"2021 жылдың 18 қарашасында Шу қалалық емханасының эпидемиолог дәрігері С.Х.Дюсенбиев, Жұқпалы аурулар кабинетінің медбикесі О.В. Бударина ,СЭҚД бас маманы Г.Даренқұл және Шу ауданы әкімдігінің "Болашақ" жастар денсаулығы орталығының меңгерушісі Е.А.Оспанова мектеп-лицейінің ата -аналарына 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге Комирнати (Pfaizer) вакцинасын егу жөнінде түсіндірме жұмыстарын өткізді.Сонымен қатар ата-аналардың қойған сұрақтарына жауап берілді.
Түсіндірме жұмыстары
12
ноябрь
2021
Түсіндірме жұмыстары
Ағымдағы жылдың 12 қараша күні "Жібек жолы мектеп-лицейінде" "Қиын бала болмайды" жобасы аясында мектепке жаңадан келген оқушылармен жұмыстар жүргізілді. ДҚТІЖО З.Б.Ернаурызов пен мектеп психологы Ж.Джуманбаева мектептің ішкі тәртіп ережелерімен, құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар оқушылардан құқықтық сауаттылыққа және жаңа ортаға бейімделулерін анықтауға сауалнамалар алынды.
«Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» жас мамандармен –өткізілген кездесу.
15
октябрь
2021
«Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» жас мамандармен –өткізілген
2021 жылдың 12 казан күні Шу ауданы білім бөлімінің кәсіподақ комитеті мен бірлесе ұйымдастырумен «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» тақырыбында аудан жас мамандары мен тәлімгер ұстаздары арасында «Жібек жолы мектеп-лицейіндегі» Геоақпараттық технологиялар жүйесі орталығы академик ,профессор Оңғарбек Әліпбекиұлы атындағы кабинетінде кездесу өтті. «Баталы жан арымас...» дегендей жас мамандардың кәсіптік жолына, кездесу сәтті өтуіне ақжолтай тілек, ақ батасымен мектеп –лицейінің директоры
5-ші сынып оқушылары «лицеистер» қатарына қабылданды.
01
октябрь
2021
5-ші сынып оқушылары «лицеистер» қатарына қабылданды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне  30 жыл, «Жібек жолы» мектеп-лицейіне 28 жыл толуына орай, 5-ші сынып оқушылары «лицеистер» қатарына қабылданды. Жыл сайын, 1-қазан «лицеистер» қатарына қабылдау –дәстүрдің бірі және ең маңызды күндердің бірі болып табылады. «Лицеистер қатарына қабылдау» – бұл өскелең ұрпағымыздың  жаңа мәртебеге көшу кезеңі. Бүгін 78 оқушы мектеп басшысының қолынан «Лицеист – 2021» куәлігіне ие болды. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты   заман  талабына сай, тәуелсіз
"ТҰЛПАР МІНІП ТУ АЛҒАН" байқауы
28
сентябрь
2021
"ТҰЛПАР МІНІП ТУ АЛҒАН" байқауы
📍ТҰЛПАР МІНІП ТУ АЛҒАН 🔹Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өскелең ұрпаққа қазақ халқының тарихи-әдеби мұрасын дәріптеу мақсатында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы Жамбыл облысының білім беру ұйымдарында 27 қыркүйек-5 қараша аралығында ұйымдастыру жоспарлануда. 🔹Байқауға облыстағы білім беру ұйымдарының 6-10 сынып оқушылары қатысады. 🔹Бүгінгі күні байқауға қатысуға 185 мектептен, 681 оқушы мен 478 мұғалімнен сұраныс түсті. 🔹Облыста байқау 3 кезеңнен (мектепішілік,
Түлектер
14
июнь
2021
Түлектер
Шу қаласы ,"Жібек жолы мектеп-лицейі" 14 маусым күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік ұландары" тақырыбында жалпы орта мектеп курсын бітіру аттестатын тапсыру салтанатты іс шарасы өтті.2020-2021 оқу жылы соңында 40 мектеп бітіруші түлек қолына аттестаттарын алды.Оның ішінде 8 алтын белгі,2 үздік аттестат табысталды. Түлектерімізге жаңа өмірлеріне ақ жол,сәтті сапар тілейміз!Үлкен өмірге аттанған қадамдарына нұр жаусын,талаптарың оң болсын!
Мемлекеттік рәміздер күні
04
июнь
2021
Мемлекеттік рәміздер күні
«Жібек жолы мектеп-лицейінде» мектеп жанында құрылған жазғы сауықтыру лагеріне қатысушы оқушылармен 4 маусым -Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай,«Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында мектеп тәлімгері Э. Затыбекованың ұйымдастыруымен танымдық сағаты өткізілді. Сонымен қатар, мектеп кітапханашысы Г. Атабаева осы тақырыпқа байланысты көрме ұйымдастырып,таныстырды.