«Жас қыран» қатарына  46 оқушы қабылданды » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жас қыран» қатарына  46 оқушы қабылданды
03
декабрь
2021

«Жас қыран» қатарына  46 оқушы қабылданды

«Жібек жолы» мектеп-лицейінде бүгін ерекше мерекелі күн болды. Өйткені, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жас қыран» ұйымына қабылдау рәсімі өтті. «Жас қыран» ұйымына мектебіміздегі бастауыш сыныптың ең үздік 46 оқушысы қабылданды.
Салтанатты жиын әнұранымен ашылды. Онда мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты. Ұйымға қабылданушы оқушылар  «Өз Отаны – Қазақстанның патриоты болуға, «Жас қыран» ережесін бұлжытпай, сақтап, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді.
Мектеп-лицейінің ардагер ұстаздары, жоғары сыныптың үздік оқушылары «Мен қазақпын» әнінің ырғағында жас қабылданушыларға галстуктарын  тағып, кеуделеріне төс белгілерін қадап берді. Лицейдің мектеп директоры Джанғарашева Ардақ сөз сөйлеп, «Жас қыран» ұйымына қабылданғандарды құттықтап, тілегін айтты.
Салтанатты жиынның жабылу рәсімі «Атамекен» әнімен аяқталды.