«Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» жас мамандармен –өткізілген кездесу. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» жас мамандармен –өткізілген кездесу.
15
октябрь
2021

«Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» жас мамандармен –өткізілген кездесу.

2021 жылдың 12 казан күні Шу ауданы білім бөлімінің кәсіподақ комитеті мен бірлесе ұйымдастырумен «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» тақырыбында аудан жас мамандары мен тәлімгер ұстаздары арасында «Жібек жолы мектеп-лицейіндегі» Геоақпараттық технологиялар жүйесі орталығы академик ,профессор Оңғарбек Әліпбекиұлы атындағы кабинетінде кездесу өтті. «Баталы жан арымас...» дегендей жас мамандардың кәсіптік жолына, кездесу сәтті өтуіне ақжолтай тілек, ақ батасымен мектеп –лицейінің директоры Джангарашева Ардақ Төлепбайқызы тілегін білдірді.Кездесуді «Жібек жолы» мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі,тәлімгер ұстаз А.С.Хаджиева жүргізді. Іс шара барысында «Танысу» тренингі, «Мұғалім болу ...» жаттығуы, «Сұрақ менен, жауап сізден» пікір алмасу,жас мамандарға кеңестер берілді. Кездесу соңында Шу аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Бекмурзина Аида Рашидқызы жас мамандарға және тәлімгер ұстаздарға шығармашылық табыстар тілей келе естелік сыйлықтарды табыс етті.
«Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» жас мамандармен –өткізілген кездесу.