Іс-шаралар » Страница 9 » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
Құрметті ұстаздар! Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! #ұстаздаркүні #ұстазымамыңалғыс #дублёркүні
05
октябрь
2023
Құрметті ұстаздар! Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! #ұстаздаркүні
Құрметті ұстаздар! Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! #ұстаздаркүні #ұстазымамыңалғыс #дублёркүні 
Жоспарға сай өтетін түрлі іс шараларға белсенді қатысуға барлық оқушылар мен ұстаздарды шақырамыз!
03
октябрь
2023
Жоспарға сай өтетін түрлі іс шараларға белсенді қатысуға барлық
Оқушылардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын ояту, танымдық белсенділікті қалыптастыру және  қазіргі заманғы технологияларды қолдану дағдыларын кеңейту мақсатында 03.10.2023 жылы мектебімізде орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі әдістемелік пәндер бірлестігі айлығының ашылуы өтті. Жоспарға сай өтетін түрлі іс шараларға белсенді қатысуға барлық оқушылар мен ұстаздарды шақырамыз!!! 
«Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Шу ауданы бойынша бөлім инспекторы Н.Бақтиярдың қатысуымен «Діни сауатты ақпаратты қайдан аламыз?» тақырыбында кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмысы жүргізілді. Оқушылар тарапынан Н.Бақтияр мырзаға сұр
03
октябрь
2023
«Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Шу ауданы бойынша бөлім
03.10.2023 жылы сағат 12.30.да Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Шу ауданы бойынша бөлім инспекторы Н.Бақтиярдың қатысуымен «Діни сауатты ақпаратты қайдан аламыз?» тақырыбында кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмысы жүргізілді. Оқушылар тарапынан Н.Бақтияр мырзаға сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық деңгейде өз жауаптарын алды.
“1 қазан - қарттар күніне” орай мектебімізде “Қарттарға қамқор болайық” акциясы ұйымдастырылды
01
октябрь
2023
“1 қазан - қарттар күніне” орай мектебімізде “Қарттарға қамқор
“1 қазан - қарттар күніне” орай мектебімізде “Қарттарға қамқор болайық” акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында жиналған азық-түліктерді мектептің өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері мектеп жанындағы мұқтаж қарияларға табыстап, үй шаруашылығына жәрдемдесіп, үлкендердің алғысы мен батасын алды. Акцияға белсене қатысқан мектеп ұжымы мен мектеп парламентіне алғыс білдіреміз. Қарттарымыз аман болсын!
Ағылшын тілі және орыс тілі айлығы барысында ағылшын тілі пәні мұғалімі  А. А. Мамырбаева 7"А"сыныбымен" Free time activities "тақырыбында ашық сабақ өткізді.
29
сентябрь
2023
Ағылшын тілі және орыс тілі айлығы барысында ағылшын тілі пәні
Ағылшын тілі және орыс тілі айлығы барысында ағылшын тілі пәні мұғалімі  А. А. Мамырбаева 7"А"сыныбымен" Free time activities "тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында түрлі әдiс-тәсiлдер көрсетiлiп, оқушылардың өздерінің бос уақыттарында қандай iспен шұғылданатындары туралы ағылшын тілінде сөйлеу қабілеттерiн көрсетті.
Облыстық Шерхан оқулары байқауының  жеңімпазы Жәния әріптесімізді құттықтаймыз!
29
сентябрь
2023
Облыстық Шерхан оқулары байқауының жеңімпазы Жәния әріптесімізді
Облыстық Шерхан оқулары байқауының  жеңімпазы Жәния әріптесімізді құттықтаймыз!!! Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Жуалы ауданы әкімдігімен бірлесіп Шерхан Мұртазаның  туған күніне орай Шерхан оқулары байқауы  Жуалы ауданында өткізілді.  Байқауға аудандар мен Тараз қаласынан келген 17-35 жас аралығындағы 11 үміткер қатысты. Байқау 4 кезеңнен тұрды.  I кезең Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы туралы тың деректер мен қызықты мәліметтерден бейнеролик көрсету. II кезең “Аңыз
Оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспары
26
сентябрь
2023
Оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспары
Оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспары  "Орта ,техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы"ҚР БҒМ -нің 2020 жылғы 6 сәуірдегі 130 бұйрығына сәйкес дайындалады.Осы орайда 26 қыркүйек күні "Жібек жолы мектеп -лицейі"директоры Г.Қ.Тұрлыбек Шу ауданының мектеп директорларына "Мектепішілік бақылау-білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету механизмі" тақырыбында
Жібек жолы мектеп-лицейінде оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау іс-шарасы өтті.
22
сентябрь
2023
Жібек жолы мектеп-лицейінде оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының
Жібек жолы мектеп-лицейінде оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау іс-шарасы өтті. Биылғы мектеп Президенттігіне үміткер болып 17 оқушы тіркелді. Үміткерлер өздерінің жұмыс жоспары мен алға қойған мақсаттарын жариялап, үлкен белсенділік танытты. Президенттікке үміткер оқушыларды сайлауға 7-11 сынып оқушылары  қатысып, белсенді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, мектеп басшылығымен бірге оқу үдерісін ұйымдастырудағы мәселелерді шешуге қатыса алатын  кандидатқа дауыс берді.
Президентін сайлау іс-шарасы өтті
22
сентябрь
2023
Президентін сайлау іс-шарасы өтті
Жібек жолы мектеп-лицейінде оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау іс-шарасы өтті. Биылғы мектеп Президенттігіне үміткер болып 17 оқушы тіркелді. Үміткерлер өздерінің жұмыс жоспары мен алға қойған мақсаттарын жариялап, үлкен белсенділік танытты. Президенттікке үміткер оқушыларды сайлауға 7-11 сынып оқушылары  қатысып, белсенді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, мектеп басшылығымен бірге оқу үдерісін ұйымдастырудағы мәселелерді шешуге қатыса алатын  кандидатқа дауыс берді.