Жібек жолы мектеп-лицейінде оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау іс-шарасы өтті. Биылғы мектеп Президенттігіне үміткер болып 17 оқушы тіркелді. Үміткерлер өздерінің жұмыс жоспары мен алға қойған мақсаттарын жариялап, үлкен белсенділік танытты. Президенттікке үміткер оқушыларды сайлауға 7-11 сынып оқушылары қатысып, белсенді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, мектеп басшылығымен бірге оқу үдерісін ұйымдастырудағы мәселелерді шешуге қатыса алатын кандидатқа дауыс берді. Нәтижесінде мектебіміздің 10 сынып оқушысы Мырзахан Нұрасыл басым дауысқа ие болып, мектеп Президентіне сайланды. Құтты болсын!