01
октябрь
2023
“1 қазан - қарттар күніне” орай мектебімізде “Қарттарға қамқор болайық” акциясы ұйымдастырылды
“1 қазан - қарттар күніне” орай мектебімізде “Қарттарға қамқор болайық” акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында жиналған азық-түліктерді мектептің өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері мектеп жанындағы мұқтаж қарияларға табыстап, үй шаруашылығына жәрдемдесіп, үлкендердің алғысы мен батасын алды. Акцияға белсене қатысқан мектеп ұжымы мен мектеп парламентіне алғыс білдіреміз. Қарттарымыз аман болсын!