31
март
2023
Ағымдағы жылдың 31.03 күні Шу қаласы «Жібек жолы мектеп-лицейінде» 8-10 сыныптың ұлдарымен «Ер баланың репродуктивті денсаулығы» тақырыбында жиналыс ұйымдастырылды
Ағымдағы жылдың 31.03 күні Шу қаласы «Жібек жолы мектеп-лицейінде» 8-10 сыныптың ұлдарымен «Ер баланың репродуктивті денсаулығы» тақырыбында жиналыс ұйымдастырылды. Жиналысқа Шу ауданы СӨС орталығының басшысы Оспанова Есен Альмешовна шақырылды. Е.А.Оспанова ер балаларға «Ер баланың репродуктивті денсаулығы» тақырыбына сай бейнероликтер көрсетіп, ұл балалардың денсаулығы туралы түсіндерме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қазіргі жастар арасындағы үлкен проблемалардың бірі насыбайға құмарлық туралы, энергетикалық сусындардың жасөспірімдердің денсаулығына тигізер кері әсері туралы айтып өтті. Мектебіміздің ДҚТІЖО З.Ернаурызов және медбикесі Г.Құсаинова ұлдарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, өздерінің ақыл-кеңестерін айтып өтті.



