Шу қаласы «Жібек жолы мектеп-лицейі» директоры Г.Тұрлыбектің 2022-2023 оқу жылында оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы және 2021-2022 оқу жылының есебі.
Шу қаласы «Жібек жолы мектеп-лицейі» директоры Г.Тұрлыбектің
2022-2023 оқу жылында оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы және 2021-2022 оқу жылының есебі.
Қайырлы күн, құрметті ата-аналар !
Бүгін сіздерді бала қауіпсіздігіне қатысты мәселе төңірегінде мәселелермен таныстыруға және талқылауға шақырып отырмын.
Сөз басында оқу жылының басынан бүгінгі күнге дейін мектеп оқушылары тарапынан қол жеткізген жетістіктерге тоқталып өткенді жөн көрдім.
2022-2023 оқу жылында «Жібек жолы мектеп-лицейі» 41 сынып-жиынтығына 868 оқушы қамтылды. Оқу 5 күндікке ауыстырылды. Мектеп екі аусымда оқиды. Бірінші ауысымда 25 сыныпта 500 оқушы, екінші ауысымда 16 сыныпта 368 оқушы қамтылды. 10 сыныпқа қабылдау мектеп Жарғысына сәйкес жаратылыстану-математикалық бағытындағы бейіндік пәндері бойынша 67 оқушы қабылданды. Жалпы лицейлік сыныптар саны-26, оқушы саны-515. Онда математика, информатика, физика, химия,жаратылыстану,биология пәндері тереңдетіліп оқытылуда.
Сабақтың басталуы мен аяқталуы : 1 ауысым-8.00-14.45
2 ауысым-14.00-19-45
Мектеп оқу жылын 79 мұғалім, оның ішінде жоғары білімдісі-76. Біліктілік санаты бойынша педагог-шебер-12 , педагог-зерттеуші- 19, педагог-сарапшы-9 , педагог-модератор- 9.
Жас мамандар саны- 6, оның ішінде биылғы оқу жылында қабылданғаны-2.Атап айтсақ, математика пәні мұғалімі-1, мектеп алды даярлық тәрбиешісі-1.
Қазіргі таңда маман жетіспеушілігі әлі де орын алуда. Атап айтсам, математика, информатика, орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімі, сондай-ақ, аға тәлімгер ,педагог ұйымдастырушысы бірлігіне қажеттілік бар.
Өткен оқу жылыңын қорытындысы бойынша оқушыларымыздың Республикалық пән олимпиадасы мен байқаулардың аудандық кезеңінен 45 оқушы,ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадалар байқауларының облыстық кезеңінен 16 оқушы,Республикалық экологиялық форумға қатысқан 6 оқушымыз жүлделі орындарға ие болды.Ханталапай Республикалық математикалық зияткерлік сайысынан 1 орын-41,2 орын-90,3 орын-56 оқушы иеленді.Мектебіміздің ардагер ұстазы Токтабулатова Раиса Смагуловнаның демеушілігімен өткен оқу жылында облыстық,республикалық пән олимпиада,ғылыми жоба,спорттық жетістектері үшін төмендегі 10 оқушыға ақшалай сертификат
Ғылыми жоба байқауының жеңімпазы Бетбай Жайнаға
Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздары Қайрат Нұрислам
Шаниязов Азизға
Шығармашылық жоба жұмыстарының жеңімпазы Әлібай Әйнел
Ораз Нұрханға
«Жас өлкетану» форумының жеңімпаздары Давлет Жания
Еркадыр Арайлым
Әбділда Айжанға
Мәнерлеп оқу байқауының жеңімпазы Жампоз Саяға
Спорттық жетістіктері үшін Әлмахан Шапағатқа табысталды.
Осы сәтті пайдалана оқушыларға демеушілік көрсеткен ардагер ұстаз Раиса Смагуловнаға алғысымызды білдіреміз.2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша аудандық білім бөлімі тарпынан Мұғалімдер күні мерекесіне орай мектебімізге «Ғылыми жобалар жарысының үздігі» номинациясымен 100000 теңге сертификаты табыс етілді.Бұл нәтижеге жетуде ұстаздармен,оқушылардың және ата аналардың біріге еңбектенуінің жемісі деп білуге болады.
Аз қамтылған отбасы балаларының ыстық тамақпен қамтылуы туралы
II тоқсанның есебі бойынша аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан 71 оқушы, бірінші сыныптардан 137 оқушы, барлығы 208 оқушы жергілікті бюджеттен тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Оның ішінде 2 оқушы ата-ана қамқорлығынсыз қалған, 3 оқушы қамқоршылықта, 56 оқушы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан, 10 оқушы алқалық комиссия шешімі бойынша тегін ыстық тамақпен қамтылған.
Қазіргі таңда бір күндік ыстық тамақ сомасы аз қамтылған отбасы балалары және 1 сыныптар үшінде 250 теңгені құрап отыр. Бір мезгіл тегін ыстық тамақтың ас мәзірі аудандық білім бөлімінен жыл мезгілдеріне сай жаздық-күздік, қыстық-көктемдік болып жылына екі рет бекітіледі. Мектеп асханасындағы күнделікті ұсынылып отырған тағам түрлері санитарлық ережеге сәйкес, аудандық білім бөлімі бекітіп берген ас мәзіріне сәйкес, оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілген мөлшермен дайындалады. Күнделікті тамақтың сапасы мен берілу мөлшері (норма) мектепте құрылған бақылау топтары мен мектеп медбикелері тарапынан бақылауға алынған. Сонымен қатар, тамақтың сапасын анықтап отыру мақсатында мониторингтік комиссия құрамы құрылған. Комиссия құрамындағылар айына екі рет асхана тамағының сапасын тексереді және тексеру нәтижесінде хаттама толтырылады. Аптасына бір рет тамақтану мен тамақ пісіру орнына тазалық жасалынып, дезинфекция жасау міндеттеледі. Жергілікті бюджеттен бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тізімі Шу қаласы әкімімен бекітілген. Ерекше атап өтетін жағдай биылғы жылы тізімдегі оқушылардың барлығы eduscholl сайтына электронды түрде енгізіліп, білім бөлімімен бекітілді. Аспаздардың медициналық тексерістен уақытылы өтуі, біліктілігін арттыруы қадағаланады.
Назар аударатын жайт, мемлекет тарапынан көмек ұйымдастырылған тізімдегі аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан 71 оқушының 19 ғана мектепшілік түрлі үйірмелермен қамтылып отыр, яғни 30% ғана атап айтсам, Әшірбек Жасұлан «Этюд» үйірмесіне, Көшкен Өскен «Бозінген» домбыра үйірмесіне ерекше ынтамен уақытылы қатысады. Осы сатыдағы 71 оқушының 17-і ғана үздік және екпінділер қатарында. Бұл өте төмен көрсеткіш. Ерекше ескерте кететін жағдай, тізімдегі оқушылардың 30%-ы мүлдем тамақтануға келмейтіндігін ата-аналарға бірі білсе, бірі білмейді. Тамақтануға келмейтін оқушылардың басым көпшілігі жоғарғы сынып оқушылары болып отыр.
Мектеп оқушыларының сабаққа қатысу мен мектептегі тәртіп бұзушылық туралы
«Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ 2022-2023 оқу жылының қыркүйек, қазан айларында оқушылардың саббақа қатысуы қатаң түрде күнделікті қадағалануда. Әр күн сайын директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Нурахова I ауысым және II ауысымдағы оқитын сыныптар арасында рейд жұмыстары жүргізіледі. Рейдтің қорытындысы бойынша , егер себепсіз қалған оқушы болса, міндетті түрде сынып жетекшісі анықтап, кейін ол оқушыдан түсініктеме талап етіледі. Оқушылардың сабақ босатуының негізгі себебі:денсаулық жағдайына байланысты болып жатады. Әрине олардың анықтамалары бар.
Жасөспірімдердің қаңғыбастығының алдын алу мақсатында аудандық білім бөлімі, ішкі істер бөлімімен бірлескен рейдтік іс шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Бүгінгі күнге жүргізілген рейдтер барысында «Жібек жолы мектеп-лицейі» оқушылары тіркелген жоқ.Мектепішілік есепке алынған оқушы саны- 1, ИДН есебінде тұрған бала жоқ. Жайсыз отбасынан балалар жоқ.
Құқық бұзушылықтың алдын-алу, қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру мақсатында 24 бейне бақылау орнатылған. Бейне бақылау арқылы жоғалған оқушылардың сырт киімі табылған жағдайлар болған.
Оқушылардың мектеп формасын ұстануы.
Білім беру ұйымының ішкі тәртіп Ережесіне сәйкес мектеп оқушыларына:
-мектепке бағалы заттар, оның ішінде ұялы телефон, әшекей бұйымдар, ақшалай қаражат әкелуге тыйым салынады.
-ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды» орындау мақсатында мектеп оқушылары бекітілген мектеп формасын сақтауы тиіс / ұлдарға- көк түсті шалбар, пиджак, жилет, ақ жейде, галстук /принті шотланка/; қыздарға- көк түсті пиджак, жилет, ақ жейде және белдемше мен галстук /принті шотланка/
Бала қауіпсізідігі мәселесін көтергенде мектепке көлікпен қатынайтын оқушылардың ата-аналары тарапынан таңғы уақытта жол ережесін бұзу фактілері орын алып жататындығын қынжыла айтуға тура келеді. Жаяу жүргіншілер жолағын басып тоқтайтын автокөлік иелері такси жүргізушілері мен ата-аналар тарапынан орын алуда. Ыңғайлы болу үшін жолдың арғы бетінен аудандық мәслихат хатшысы Әділхан Рақышұлы Касеновтың көмегімен автотұраққа лайықтап жер тегістелді. Алайда, көлік жүргізушілер балаларды сол жерден түсіруді әдетке айналдырмай отыр.
Мектептің қызмет көрсету аймағы өте үлкен. Осыған байланысты балаларды жетектеп әкелу және алып қайтуды назарда ұстауды сіздерге тапсырамын.
№ | Сыныптар | Жалпы оқушылар саны | Мектепке ата-анасымен келіп-кететіндер саны | Таксимен келетін оқушылар саны | Қоғамдық көлікпен келетін оқушылар саны | Жаяу келетін оқушылар саны | |
Алыстан келетіндер | Жақында келетіндер | ||||||
1 | Бастауыш | 377 | 227 | 34 | - | 23 | 93 |
2 | 5-6 сыныптар | 192 | 108 | 16 | 13 | 55 | |
3 | 7-9 сыныптар | 199 | 49 | 31 | 20 | 99 | |
4 | 10-11 сыныптар | 95 | 19 | 18 | 9 | 54 | |
Барлығы | 863 | 403 | 99 | 65 | 301 | ||
Мектеп дәретханаларының жай-күйі туралы
Мектеп-лицей ғимаратында барлығы 44 дәретхана бар. Оның ішінде 25 дәретхана бір көзді (очко), 13 дәретхана екі көзді (очко), 6 дәретхана үш көзді (очко) болып саналады. Қолданысқа берілген 2011 жылдан бері мектеп дәретханалары қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген жоқ. Істен шыққан дәретханаларды ішінара ауыстыру арқылы жөндеу жұмыстарын өз күшімізбен атқарып келдік. Қазіргі таңда 44 дәретхананың 29-да гофра, шланга, поплывок, клапан, су жіберетін кіші бак, унитаздары істен шыққан. Сондай-ақ, нәжісті ағызып жіберетін унитаз орталары (перегородка) бөлінбегендіктен, адамдардың қажеттілігін өтеуіне ыңғайсыздық тудырып келеді. Унитаздар кафельге бетондалып отырғызылмаған, сол себепті нық тұрмай, қолдану барысында сынып кету орын алып, оқушылардың дәретке отыруына қолайсыздық туғызып, денсаулығына қауіп төндіруде. Биік унитаздарды еденге орнатылған унитаздарға (напольный унитаз) ауыстыру , сондай-ақ қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету үшін АББ сұраныс хаттар түсірілген.
Жылу жүйесінің жұмысы туралы
Мектепте орналасқан КТГ -1000 қазандықтардың ішкі және сыртқы мұржалары күлден тазартылып сырланды. Қазандықтың сыртқы қабырғалары әктелінді. Қазандықта орналасқан КТГ – 1000 пешінің ішіндегі су жүретін трубалары толық ауыстырылып, дәнекерлеу жұмыстары жүргізілді. Электронасостар, түтінсорғыш электродвигателі, генератор майлары, пусковой автоматтары ауыстырылды. Мектеп ішіндегі жылу батареялары шайылып үрленді, винтиль мен сгондар ауыстырылды.
Мектеп кәрізінің трубалары тазартылды. Бүгінгі күнге қазандыққа 255 тн көмір жеткізілді. Кабинет температурасы 210 С, дәліз температурасы 200С көрсетіп тұр. Әр кабинеттерде термометр орналастырылған, жылу температурасын белгілейтін журнал басталған.
Жарықтандыру мәселесі
Мектеп іші толық жарықтандырылған. Оқу кабинеттерінде жарық мол. Алайда мектеп аумағын жарықтандыру күрделі мәселесі болуда. Мектеп ашылған жылдардан бері 30 бағанның толық жанған кезі болған жоқ. Мектеп алдындағы бағандарға өз күшімізбен жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Әйткенмен. Бүгінгі таңда жарық тек мектеп маңдайшасында жанып тұр, бағандарды жағу үшін демеуші іздестіріп, жөндеу жұмыстарын жүргізуді қолға алудамыз.
Құрметті ата-аналар, жиынға қатысушылар!
Әр ата-ана дүниеге дені сау ұрпақ әкеліп, азамат тәрбиелеуді мақсат етеді. Алайда , қоғамдық ортада баланың теріс жолға түсіп кетпеуі үшін сақтық шараларын мықтап қолға алу абзал. Осы жолда сіз бен бізге артылған жүк салмақты екендігін ұмытпаған жөн.
Назарларыңызға рахмет