Қамқоршылық кеңес алдында есеп беру » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңес алдында есеп беру
23
май
2022

Қамқоршылық кеңес алдында есеп беру

Бүгін, «Жібек жолы» мектеп-лицейінде қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысына кеңес мүшелері және мектеп-лицейінің ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Мектеп-лицейінің директоры Джанғарашева Ардақ Төлепбайқызының 2021-2022 оқу жылындағы мектеп-лицейі бойынша атқарылған жұмысының есебі тыңдалды және екінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес ұйымының төрайымы Бейімбетова Гүлнар оқушылардың жазғы демалыстағы қауіпсіздік іс-шаралары (суда жүзу, өрт, (темір жолдан өту) жол жүру, бөтен адаммен сөйлеспеу) туралы ата-аналарға ескертті.
Мектеп-лицейі директорының есебі тыңдалып болғаннан кейін, хабарламашыға сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.
Жиын соңында дауыс беру арқылы барлық кеңес мүшелері бірауыздан қолдап, мектеп-лицейі директоры Джанғарашева Ардақ Төлепбайқызының 2021-2022 оқу жылындағы мектеп бойынша атқарған жұмысын қанағаттанарлық деп табылсын деген шешім шығарылып, жазғы демалыста балаларды қауіпті жағдайлардан қорғау әрбір ата-ананың міндеті екенін ескерте кетті.