Lesson Study жұмысының нәтижелер жинағы » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Lesson Study жұмысының нәтижелер жинағы
27
апрель
2022

Lesson Study жұмысының нәтижелер жинағы

Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігі – оның жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеруімен өлшенеді. Әрбір білім ордасының басты көрсеткіші – білім сапасы болса, оқыту мен оқу сапасын жақсартуда Lesson Study зерттеу сабағының ықпалы өте зор. Осы орайда 2022 жылдың 27 сәуірі күні «Жібек жолы мектеп-лицейінде» «Оқыту мен оқу сапасын жақсарту мақсатында мектеп тәжірибесіне енгізілген "Lesson Study жұмысының нәтижелер жинағы" тақырыбындағы көмекші құралының тұсау кесер салтанатты іс-шарасы аталып өтті. Тұсау кесер рәсімі аудан әкімінің орынбасары Жақсыбаев Нұрлан Сегізбайұлы мен аудандық білім бөлімінің басшысы Раймбеков Қуат Оразбекұлына табысталды. Іс-шара барысында мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтті. Мектебіміздің дарынды оқушылары өздерінің түрлі байқаулардан алған жетістіктеріне арналған көрмені таныстырса, «Домбыра» үйірмесіне қатысатын оқушыларымыз «Балбырауын» күйімен қонақтарды қарсы алды. Сонымен қатар Кадет сыныбының жас сарбаздары дефиле шеберлігін көрсетті.
Мектеп директоры А.Т.Джангарашева бірнеше жылдар бойы мектебіміздің базасында қалыптасқан инновациялық кеңістіктер туралы есебін берсе, «Ізденіс» шығармашылық мектебінің жетекшісі Д.Қ.Бошанова көмекші құралға қысқаша шолу жасап, таныстырды. Көмекші құралда отызға жуық мұғалімдерден құралған 10 фокус топтың Lesson Study сабақты зерттеу жұмыстарының нәтижелері және осы тақырыпта өткізілген оқыту семинарлары, коучинг, шеберлік сыныптарының рефлексиялық есептері енгізлгенін айтып өтті.
Практикалық бөлімде мектебіміздің шебер ұстаздары Л.Т.Адамбекова мен Б.Х.Джанкиева «Lesson Study және оның мұғалім үшін практикалық маңыздылығы» тақырыбында шеберлік сыныпты мектеп басшыларына өткізді.
Аталған іс-шараға қатысқан қонақтар осындай деңейдегі нәтижелі жұмыстар барлық білім мекемелерінде жүргізілсе, білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар биік шыңдарды бағындыруға ықпал етеді деп ой түйіндеді.