Ақын М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ақын М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай
28
февраль
2021

Ақын М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай

2020 жылдың 15-20 ақпаны аралығында «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ «Тілдер бірлестігі» әдістемелік бірлестігінің ақын М.Мақатаевтың мерейтойына арналып бекітілген іс-шаралардың келесі түрлері өткізілді: Д.Бошанова, Г.Елубаева және С.Мырзакулова «М.Мақатаев-ғасыр ақыны» атты дөңгелек үстел өткізсе, А.Жолшыбектің ұйымдастырумен жас мамандар арасында «Жырлайды жүрек» тақырыбында ақынның өлеңдерін оқу челленджі өтті. 9,11 сынып оқушылары арасында «Мұқағали-мәңгі ғұмыр» атты эссе байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздары мектеп директорының марапат қағаздарына ие болды.
Сонымен қатар, 25 ақпан күні «Лингвистикалық пәндер» айлығы аясында «Тілдер бірлестігі» және «Ағылшын тілі» әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің қолданбалы, таңдау курстарына арналған авторлық бағдарламалар мен әдістемелік құралдардың шеруі болды.
Шараға 16 мұғалімнің 14 жұмысы ұсынылып, таныстырылды.Шараның негізгі миссиясы – мектебіміздің талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарының дарынды балаларға білім берудің мазмұнын жетілдірудегі инновациялық идеяларын жинақтап, тарату. Ұсынылған жұмыстар қабілетті, дарынды балаларды оқыту және олармен жүргізілетін оқудан тыс жұмыстардың түрлерін жан-жақты қамтыған.