«Оқытудағы саралау» тақырыбында коучинг » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқытудағы саралау» тақырыбында коучинг
08
апрель
2022

«Оқытудағы саралау» тақырыбында коучинг

«Жібек жолы мектеп-лицейінің» жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 6 сәуір күні «Талапкер» мектебі жас мамандар айлығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ,шебер-педагог өз тәжірибесімен бөлісіп «Оқытудағы саралау» тақырыбында коучинг өткізді.Коучинг барысында :
1.Сабақта саралау әдісін іс жүзінде қалай жүзеге асырамыз?
2.Жоспарлау кезінде оқушының бұрынғы тәжірибесі мен үлгерімі қаншалықты ескеріледі?
3.Сабақ барысында сараланған тапсырмалардың маңызы қандай?
4.Сіз өз тәжірибеңізде саралауды қалайша барынша тиімді пайдалана аласыз? деген сұрақтар талқыланып ортаға салынды.Қорытындысында саралап оқыту деген - сыныптағы барлық оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған оқыту.Мықты оқушылар алға ілгерілейді.Оқу үлгерімі төмен оқушыларға артта қалып қалмас үшін қолдау көрсетіледі.Оқу үлгерімі орташа деңгейдегі оқушыларға бағдарламадан қалып қалмас үшін қолдау көрсетілетіні туралы толық түсінік берілді.