13
декабрь
2019
Тәуелсіздік күніне орай Республикалық біріңғай «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі.
11.12.2019 ж «Жібек жолы» мектеп-лицейінде аға тәлімгер Э.Ө.Затыбекованың және мектептің өзін-өзі басқару ұйымының Президенті ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай Республикалық бірыңғай балалар және жасөспірімдер қоғамдық «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті. Бастауыш сыныптың 53 оқушысы «Жас Қыранға» , 5 сыныптың 30 оқушысы «Жас Ұлан» ұйымына өтіп, АНТ қабылданып,іс шараға қатысқан қонақтармен ұстаздар балаларға мойындарына галстук пен төс белгілерін тақты. «Жас Қыран»,«Жас Ұландықтарға» мектеп директоры А.Т.Джангарашева құттықтау тілегін білдірді.Іс шараның 2-ші бөлімі концерттік бағдарламамен жалғасты.

