Лицей көрмесіне үздік туындылар қойылды. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицей көрмесіне үздік туындылар қойылды.
18
октябрь
2021

Лицей көрмесіне үздік туындылар қойылды.

Қазан айының 14 мен 15 аралығында «Жібек жолы мектеп-лицейінде» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Күзгі композиция» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балалардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейте түсу. Шығармашылық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттырып, белсенділіктерін дамыту. Күзгі табиғаттың байлықтарынан ерекше әсер алып, сол арқылы балалардың эстетикалық сезімдерін ояту.
Көрмеге 2 - 4 сыныптардың оқушылары белсене қатысты. Олар көз тартатын күзгі көріністі әртүрлі жарық бояуларда жеткізе алды. Оқушылардың бәрі ұшқыр қиял иелері екендерін көрсетті.
Көрмеде түрлі-түсті жапырақтардан, жеміс-жидек, көкөністерден жасалған бұйымдар орын алды. Құстар, кірпілер кейіпінде таң қалдыратын композициялар мен экомакеттер жасалды. Көрменің қорытындысы бойынша барлық сыныптар өз дәрежесінде бағаланды.
Жеңістеріңіз құтты болсын!
Лицей көрмесіне үздік туындылар қойылды.