04
сентябрь
2020
Ғылымға 1000 грант бөлінеді.
Толеуова Айнаш Иманалина, директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары.Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақында ғана халыққа арнаған Жолдауында халықаралық тәжірибеге арқа сүйей отырып, ғылым саласын дамытудың маңыздылығын ерекше айтты. Бұл мәселеде бізге тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керек екені рас. Ғылымды қаржыландыру және қолдау әлі де шешімін таппай келеді. Соның себептеріне тоқталған Мемлекет басшысы:«Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, "Жас ғалым" жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырамын» деп атап көрсетті. Үкіметке ғылымға бөлінетін қаражатты жинақтау ісін орталықтандыруды және оның бюджет арқылы жалпыұлттық ғылыми басымдыққа сай бөлінуін қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл орайда ірі бизнес өкілдері өңірлік университеттердің ғылыми қызметін қамқорлыққа алса деген ұсынысын білдірген. Сондай-ақ бізге елімізді ғылыми-технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі арнаулы бағдарламалық құжат қажет. Оның басты міндеті - ұлттық деңгейдегі нақты мәселелерді шешуге ғылымның әлеуетін пайдалану болмақ.
Ғылымға түбегейлі ден қоятын, қызығушылығы басым жастарды қалыптастыру үшін мемлекет тарапынан келелі жұмыстар әлі де қажет. Өйткені біздің елімізде медициналық, техникалық ғалымдар аса қажет. Өйткені дамыған заманауи қоғамда ілгерілеу болуы үшін халыққа тиімді терең зерделеулер мен зерттеулер болуы тиіс. Біз алдағы уақытта ғылым саласына кім болса сол емес, пайдалы жаңалық ашатын ғалымдар қатарының қалыптасатынына сенгіміз келеді. Президенттің «Жас ғалым» жобасы біздің үмітіміздің қарлығашындай қабылдадық.