«Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық акциясы » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық акциясы
21
январь
2020

«Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық акциясы

«Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ 2020 жылдың 20-26 қаңтары аралына арналған Халықаралық интернетсіз «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясының іс-шара жоспары құрылып, мектеп басшысымен бекітілді.
Акция мақсаты - интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың Интернет белсенділігін бақылауға қатысты ересек интернет-қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін, Интернет-пайдалану мәдениетін арттыру. Жоспар бойынша іс-шараны информатика пәнінің мұғалімі А.Тлебалдиев 10-11 сыныптарымен «Қауіпсіз интернет» тақырыбында дөңгелек үстелмен бастады. Дөңгелек үстел барысында оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны мен пайдасы туралы түсінік берілді. Сонымен қатар «Интернетсіз бір күнді қалай өткізуге болады?» ойтолғауына оқушылар өте белсенді қатысты.

«Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық акциясы
«Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық акциясы