20
февраль
2020
«Жібек жолы» мектеп-лицейінде 22.01.2020 жылы мектеп медбикесінің «Дұрыс тамақтанудың негізгі ережелері. Қыс маусымындағы дәрумендердің оқушы ағзасына
Биология пәнінің мұғалімі Г.Темірбекова «Салауатты өмір салты – ас үйден басталады» тақырыбында баяндама оқуы туралы
Анықтама
13.02.2020 жылы 8 сынып оқушыларын тақырыбымен таныстырып, баяндама оқыды. Өзінің кіріспе сөзінде:
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану-деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Cпорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз "тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Ол денсаулықты нығайтып қана қоймай, сонымен қатар мінезді тәрбиелеп, ерік-жігерді шынықтырып, қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Жыл сайын елімізде салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде спортшылар мерекесі аталып өтеді. Елбасымыздың ұдайы көңіл бөлуінің арқасында спорттың дамуы тың серпіліс алғанын атаған жөн. Спорт тек денені шынықтырып қана қоймай, ол адам организміндегі қан айналысын, секреторлық қызметті күшейтеді. Спортпен шұғылданғаннан кейін тері қызарады, тер көп шығады, дене қызады. Осыған орай адам терісі өз түсін өзгертеді. Дене шынықтыру бұл әр адамның денсаулығын жаксарту үшін қажетті биологиялык және социологиялық мағынасы бар емдеу түрі. Сондықтан мектеп жағдайында дені сау, толық қанды, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудағы міндетті шарт болып табылады.
Бүгінгі оқушы – ертеңгі болашағымыз. Әр балаға ата-аналары, мектеп қызметкерлері жылылық нәр беріп, үлкен үмітпен қараса, өзінің денсаулығын шыңдап, білімін нығайтуға ұмтылған азамат дайындауға болады. Салауатты өмір салтын сақтау арқылы ғана дені сау қоғамға жететіндігіміз айқын. Оқушыларымызға өз денсаулығын сақтауды және шынықтыру жолдарын үйретіп, әр қадамын саналылықпен ойлайтын жастарды қалыптастыра алсақ, пәнді оқытудағы мақсатқа жететінін айтып кетті.
Биология пәнінің мұғалімі Г.Темірбекова