Оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуы
«Жібек жолы мектеп -лицейі» КММ-сі 2022-2023 жаңа оқу жылының 1 – қырқүйегінен бастап бір реттік ыстық тамақпен қамту мақсатында жұмыстар жүргізіліп келеді. Бастауыш сынып оқушыларын және әлеуметтік осал топ балаларын ыстық тамақпен қамту жақсы жолға қойылған. Ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны- 43. Оның 20-сы бастауыш сынып оқушылары. 5-11 сыныпта -23 оқушы. Оқу жылының басында ата-аналар қоғамы, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы мен мектеп әкімшілігі қатарынан жұмысшы топ комиссиясы құрылды. Комиссиясы, рейд жүргізіп акт жасақталып, хаттама түзіледі. Комиссия мүшелері дайын және шикі өнімнің сапасын бақылау үшін мониторинг жүргізді. Асханада санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын тексерді. Асханадағы оқушылардың тамақтану ережелерінің және уақытылы тамақтануларының қатаң сақталуын жауапкершілікпен қадағалау мақсатында мектеп әкімшілігінен кезекшілік кестесі құрылып, бекітілді. Кезекшілер оқушылардың уақытында тамаққа баруын қадағалап отырады.Мектеп асханасы 1-қабатта орналасқан, 50 орындық . Бастауыш сынып оқушыларымен «Ас –адамның арқауы» «Дұрыс тамақтану –денсаулық кепілі» тақырыптарында сынып сағаттары өтілді. Сынып сағатының мақсаты: ас туралы жалпы ұғым. Оқушыларға астың бізге пайдасы туралы түсіндіру. Асты қадірлеп, қастерлеуге үйрету. Денсаулықтың негізі – дұрыс тамақтану екенін түсіндіру. Мектеп медбикесі Г.Кусайнова «Дәрумендердің адам ағзасына тигізер пайдасы» тақырыбында түсінік жұмыстарын жүргізді. Мектептің әлеуметтік педагогы Г.Сатанова бір реттік берілетін ыстық тамаққа үнемі бақылау жүргізіп отырады.
