Ұлы дала елі үшін » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
ноябрь
2016

Ұлы дала елі үшін

Ардақтайтын ана тілім – бастауым,
Ата Заңым – арқа сүйер асқарым!
Армандаған болашақты баянды
Арландары – жалындаған жастарым!

Ажарында көгіміздің –
Тыныштығы жеріміздің.
Тәуелсіздік деген осы –
Азаттығы еліміздің!

Бауырына айналдырып сан ұлтты,
Бірлігі мен татулығын танытты.
Жаңа ғасыр көшін бастап Қазақстан
Жаңа күнге жетелейді халықты.

Арайланып, шуақ шашар таң күліп,
Бақыт жолы жатыр алда жаңғырып.
Бағзылардан аңсап жеткен
Еркіндік – Ұлы Дала Елі үшін – Мәңгілік!