Тақырыбы: «Өркендей бер туған жер Қазақ Елім, гүлдене бер шуақты Шу мекенім». » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тақырыбы: «Өркендей бер туған жер Қазақ Елім, гүлдене бер шуақты Шу мекенім».
09
март
2017

Тақырыбы: «Өркендей бер туған жер Қазақ Елім, гүлдене бер шуақты Шу мекенім».

Тақырыбы: «Өркендей бер туған жер Қазақ Елім, гүлдене бер шуақты Шу мекенім».

Фанфар ойналады.

Ортаға бишілер шығады: «Гүлдер» биін орындайды

Жаратылыстану ғылымдарына арналған 6-28 ақпан аралығында өткізілетін мектепішілік айлықтың ашылуы

Мақсаты:
1. Химия, биология география, тарих және өзін-өзі тану пәндеріне қызығушылықтарын арттыру. Оқыту кезінде алған білімдерін қорыту және тереңірек дамыту.
2. Оқушылардың бойында салауатты өмір сүру жайлы түсініктерін қалыптастыру, өз денсаулығы үшін өздері жауапты екенін түсіндіру.
3. Оқушыларды экологиялық мәдениетке және табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Презентация-слайд, музыка , гүлдер, шарлар,мультимедиялық проектор,плакаттар,макеттер,көрме.
Барысы:
1. Айлық жоспарымен таныстыру
2. Пәндер туралы оқушылардың таныстыруы
«Сарыарқа» күйі орындалады
Жүргізушілер ортаға шығады:
1-жүргізуші:
- Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Ақпан айының 6 мен 28 күндері аралығында «Жаратылыстану» кафедрасының «Өркендей бер туған жер Қазақ Елім, гүлдене бер шуақты Шу мекенім» атты ашылу салтанаттына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық!
Бүгінгі айлық төрінде,
Жұмбақ шешіп аңдысып…
Шабыттанып шалқысып,
Көңілді айлық жасайық,
Жұмбақ шерді шашайық.
Ат салысып аянбай,
1-жүргізуші:
Мы рады приветствовать вас на открытии школьного празника естественных наук! Предметные недели проводятся в нашей школе каждый год и многие ребята ждут их с нетерпением, чтобы в очередной раз друг с другом помериться знаниями и проявить свои творческие способности, взглянуть на учебный предмет под новым углом и расширить свой кругозор
2-жүргізуші:
Английский
2-жүргізуші:
Бар өнерге басайық -дей отырып, бізді қоршаған табиғаттың қыр - сырын меңгертетін жаратылыстану ғылымдарының ханшайымдарына сөз кезегін берсек. (Ортаға пән болып киінген бес: биология, химия, география, тарих.өзін-өзі тану шығады)

Биология пәнінің ханшайымы:
Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып
Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орында өсиетін
]
?wmode=transparent" wmode="Opaque" frameborder="0" allowfullscreen>
[/center] География пәнінің ханшайымы:
География әлемі – қызық әрі тартымды,
Өз сырымен география қызықтырар әркімді.
Оқысаңдар ғылымға сендер көз ашып,
Танисыңдар табиғатты ғажайып

Химия пәнінің ханшайымы:
Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде, әр тілде
Химияның оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.
Химияны оқиық біз көңілмен,
Кездесер ол күнделікті өмірден.
Ақылымыз – химияны біліңдер!
Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.

Тарих пәнінің ханшайымы:
Тарих деген түп қазығым тамырым
Тамырымды білу менің парызым
Бұл ғылымды аянбай жүріп үйреткен
көп қой сізге қарызым
Өзін-өзі тану пәнінің ханшайымы:
Тілін алып жастың да кәрінің
Ойлап жүрем жақсылығын бәрінің
Өзіңді тану –өмірді тану жас достар
Пән арқылы өзімді өзім таныдым
(Кенеттен тасыр-тусыр музыка ойнағанда,ортаға Жер Ана ашуланып шығады.)
Жер Ана:
- Бұл не деген бассыздық ? Жердің қойнауы алай-дүлей. Жерге адамзат тарапынан кауіп төніп тұрғанда ,сендердің бұлай ойнап-күлгендерің неге керек? О Адамзат Адамның тағдыры жермен тығыз байланысты емеспе. Қасиетті жер ананың бойындағы табиғат байлықтары жер бетіндегі бүкіл адамға ортақ казына емеспе. «Жерден қасиетті,жерден киелі дүние жоқ» демеуші ма еді ата -бабалар болса,неге жерге камкор болып,аяушылық білдірмейсіңдер. О, Адамзат неге жерді жаралайсыңдар! Ғылым мен техниканың дамыған заманы дейсіңдер. Шаруашылыққа керектерінді, өнеркәсіптегі өнімдерінді алып, сатып жердің тоз-тозын шығардыңдар.
1-жүргізуші:
-Армысыз Қасиетті Жер Ана! Ия,ия Сіз дұрыс айтасыз. Табиғаттың басты байлығы – жер. Жер біздің қазынамыз, байлығымыз.
Адамдар, жан – жануарлар, өсімдіктер өз қорегін осы жерден алады.
Қасиетті Жер – Ана - алып күнді айналып жүретін жеті ғаламшардың ең құдыреттісі.
Ата – бабамыз осы жер үшін сан ғасырлар бойы қан төгіп, басын қатерге тіккен.
-Жерді күтіп, баптап, таза ұстау керек. Өйткені Жер – ана жомарт, дархан көңілімен адамға барын бергісі келеді. Тіпті қазба байлықтары да жерден алынады. Түрлі жеміс – жидектерде, әсем гүлдерде, дәнді дақылдар да ұдайы суарып күтіп баптағаннан көбейе түседі.
Жер Ана:
- Осының барлығын біле тұрып,адамзат өзара соғысып,жер бетіндегі құрлықты да,суды да ластап,ауаға улы заттарды жіберіп,.......... осы ма сендердің жерді құрметтеп,қорғағандарың!(таяқты тарс еткізеді)
2-жүргізуші
- О Қасиетті Жер Ана. Сіздің ашуланғаныңызды түсінеміз. Елбасымыз Н.Н.Назарбаевтың «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша ,табиғатты қорғау мақсатында бірнеше іс-шаралар өткізілуде.Сонымен қатар, «Жібек жолы» мектеп-лицейінің ұстаздары да,оқушылары да өз үлесін қосуда. Жаратылыстану пәндері бойынша табиғатты қорғау,қоршаған ортаны зерттеуде белсенді жұмыс атқаруда.
Айлығымызда өткізілетін іс-шараларымызға қатысып,әділ баға беруіңізді суранамыз.
Олай болса қадірлі төрімізден орын алыңыз( Жер Ана орынына отырғызады)
1-жүргізуші
-Биыл 2017 жыл Қазақстан елі үшін маңызды жыл болмақ.Жыл басында басталған «Универсиада» осының дәлелі.Сонымен қатар,дүниежүзіне танымал «Экспо-2017» көрмесі өтпек. «Экспоның» негізгі идеясы «Жасыл энергия көздерін енгізу». Осы бағдарлама бойынша жер бетіндегі қазба байлықтарды сақтау,альтернативті энергияны пайдалану ретінде дүниежүзілік ғалымдар,зерттеушілер ғажайып көрмеге қатысады.
2-жүргізуші
- Ендеше, осындай іс-шараға кішкентай болса да өз үлестерін қосу үшін лицейіміздің дарынды оқушылары дайындаған «Өркендей бер,туған жер Қазақ елі,Гүлдене бер,шуақты Шу мекені!» тақырыбында ұйымдастырылған көрмені көріп,тамашалауға шақырамыз.(Көрермендер көрмені тамашалайды)
1-жүргізуші
-Сонымен қатар ,Шу ауданы бойынша «Даму» мемлекеттік бағдарламаға кірген,улкен өнеркәсіптік жоба «Тараз Химпарк» жоспарлануда. Осы жобамен қысқаша таныстыра кетейік.(Презентация көрсетіліп,жоба қорғалады)
Адам өзінің туып- өскен жеріне деген шынайы сүйіспеншілігін, алаулаған сағынышын, қадір – құрметін жүректен шыққан құдыретті сөзбен, ойлы өлеңмен, сазды әуенмен, сырлы суретпен жеткізбейме!
-Уа,халқым,Олай болса ,Жер Анамызға көмектесу мақсатында табиғатымызды,жерімізді,суымызды,тау-тасымызды қорғауға,камкор болуға уәде берейік!
2-жүргізуші:
Будем не только рассуждать на уроках на темы природосбережения, но покажем всем, что классы готовы сделать, чтобы сохранить хрупкий мир окружающей среды.
Человек всегда стремится к чему-то неизведанному, хочет открыть что-то новое, то, о чём ещё не знает никто. И именно этот стимул позволяет ему добиться поставленной цели и прийти к желаемому результату. Добиться своего, ему помогают науки, которые мы начинаем изучать ещё в школе.
1-жүргізуші
-Елбасымыздың «Қазақстан-2030», «Даму», «Болашақ», «Балапан» бағдарламалары бойынша бірнеше жұмыс орындары ұйымдастырылуда. Сондықтан болашақ ұрпақтарды,жас мамандарды дайындау ұстаздардың үлесінде.Олай болса,біздің лицейімізден шығатын келешек жас мамандарды қарсы алайық! (Ортаға 10-11 сынып оқушылары лозунгтарымен шығады)
1-жүргізуші: Ендеше достар! Көретін қызықтар әлі алда! Айлықта бәрі бар - жарыстар, сайыстар және жобалар... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік!
2-жүргізуші:
Английский
1-жүргізуші
-Жер-Ана көңіл-күйіңіз қалай?
Жер Ана:
-Рахмет сіздерге! Бүгінгі ашуымды басып.уәделеріңмен ,өнерлеріңмен менің көңілімді көтердіңдер. Сондықтан сендерге ақ батамды берейін:( Батасын береді)
1-жүргізуші: Осымен, : «Өркендей бер,туған жер Қазақ елі,Гүлдене бер, шуақты Шу мекені!» атты айлығымыздың ашылу салтанатын жабық деп жариялаймыз!