Жетістіктеріміз » Страница 2 » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
«БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ЕЛ БОЛАШАҒЫ» «ЖАС-ДАРЫН» І-республикалық пәндік олимпиадасы
22
январь
2021
«БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ЕЛ БОЛАШАҒЫ» «ЖАС-ДАРЫН» І-республикалық пәндік
«BILIM-ORKENIETI» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ЕЛ БОЛАШАҒЫ» «ЖАС-ДАРЫН» І-республикалық пәндік олимпиадасына  Орыс тілі пәні бойынша қатысқан мектебіміздің 5 сынып оқушысы Эльрих Айя 1-ші дәрежелі дипломға ие болды. Сонымен қатар Айя «Тәуелсіздік-басты тұғырымыз» атты республикалық түрлі түсті кітап жинағына еніп, «ҚР оқу озаты-ЖАС ДАРЫН» атты төсбелгішесі мен куәлігін иеленді.
ZIAT ғылыми-әдістемелік орталығының республикалық сайысынан ІІ орын
06
январь
2021
ZIAT ғылыми-әдістемелік орталығының республикалық сайысынан ІІ орын
Нұр-Сұлтан қаласындағы "ZIAT" Ғылыми-әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен өткен "Үздік әдістемелік әзірлеме" Республикалық оқытушылар сайысына қатысқан Джуманбаева Жаныл Калменовнаны ІІ ОРЫНҒА ие болуымен мектеп-лицей ұжымы құттықтайды. Бұл сайысқа ол мектеп психологтарына арналған "Балалардың интелектуалдық потенциалын зерттеу арқылы дарынды балаларды анықтау жүйесі" әдістемелік құралын ұсынып жүлдегер атанды.
Елордада өткен республикалық конференцияда І дәрежелі дипломмен Н.Н.Кобец марапатталды.
28
декабрь
2020
Елордада өткен республикалық конференцияда І дәрежелі дипломмен
Нұр-Сұлтан қаласындағы М.С.НәрІкбаев атындағы ҚазГЗУ (КазГЮУ) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын педагогтердің арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Рухани жаңғыру – білімнің салтанат құруы» атты республикалық конференциясына қатысып, жоғары деңгейде баяндама жасағаны үшін Кобец Нина Николаевна І дәрежелі дипломымен марапатталды.
Республикалық "Дарын" ҒПО 5-6 сыныптар олимпиадасы өтті
28
декабрь
2020
Республикалық "Дарын" ҒПО 5-6 сыныптар олимпиадасы өтті
"Дарын" РҒПО ұйымдастырған 5-6 сынып олимпиадасының республикалық кезеңінде ауданымыздың атынан облыстың намысын қорғап қатысқан мектеп-лицейдің 5 сынып оқушысы Джанкиев Абай математика пәнінен жүлделі  ІІІ орынға ие болды.Құттықтаймыз!
Халықаралық Кітапхана ісі ұстаздар арасындағы олимпиада
23
декабрь
2020
Халықаралық Кітапхана ісі ұстаздар арасындағы олимпиада
Халықаралық Кітапхана ісі ұстаздар арасында олимпиадаға қатысқандығы туралы сертификат және желтоқсан айында өткізілген "Педагогика" Блиц-турнирінің 2 орын жеңімпазы мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Суюмбаева Жамила Абдрахмановнаны марапатымен құттықтаймыз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! «Дарын» РҒПО ұйымдастырған облыстық олимпиада жүлдегерлері республикалық деңгейге бо
15
декабрь
2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! «Дарын» РҒПО ұйымдастырған облыстық олимпиада
Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жұмысын ұйымдастыру Қазақстанды әлемдік деңгейде таныту үшін білім жүйесі бәсекеге қабілетті жоғары деңгейде болуы қажет. Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгермесін, бәрібір тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына жеткізеді. Шәкіртті оқу үрдісінде мұғаліммен бірдей субъект ретінде танып, дара тұлға ретінде қабылдап, шығармашылық жұмысқа бағыттау, дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу - әр ұстаздың міндеті. «Жібек жолы
№1 директор жанындағы кеңес
09
октябрь
2020
№1 директор жанындағы кеңес
2020ж. 8-ші қазанында кезекті директор жанындағы кеңес өткізілді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1. Оқушылардың оқулықтармен қамтылу жағдайы; 2.Тіл мерекесінің жүргізілу нәтижесімен таныстыру; 3. 9,11 сынып оқушыларының оқу-еңбекпен қамтылуы; 4. 1-11 сынып оқушыларының денсаулық паспорттарының жүргізілуі. Жоспарлы кеңестің күн тәртібімен мектеп директорының ОТІЖО Г.С.Джумагулова таныстырып, баяндамашыларға сөз берді. Кеңес ZOOM платформасында өткізілді. Жалпы 75 мұғалімнің 60-ы қатысты.
«ZERDELI ONLINE SCHOOL» ОНЛАЙН БІЛІМ БЕРУ ПЛАТФОРМАСЫ
08
октябрь
2020
«ZERDELI ONLINE SCHOOL» ОНЛАЙН БІЛІМ БЕРУ ПЛАТФОРМАСЫ
Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты «ZERDELI» ақыл-ойды дамыту мектебі «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ болашақ түлектерін ҰБТ-ға онлайн әзірлеу жұмыстанын бастап та кетті. Ақыл-ойды дамыту мектебінің дәрістерді кәсіби біліктілігі жоғары ұстаздар инновациялық интерактивті тақта көмегімен арнайы студияда тікелей эфирде өткізіледі. Сабақ барысында мұғалімдер көпжылдық тәжірибесімен қатар заманауи технология мүмкіндігін пайдаланып қиын тақырыптарды қызықты әрі оңай тәсілмен түсіндіреді.