Жас мамандар арасында «Жүрегімді балаларға беремін!» байқауы. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас мамандар арасында «Жүрегімді балаларға беремін!» байқауы.
29
апрель
2022

Жас мамандар арасында «Жүрегімді балаларға беремін!» байқауы.

2022 жылдың 28 сәуірінде «Талапкер» жас мамандар айлығы аясында мектепішілік «Жүрегімді балаларға беремін» байқауы өтті. Мақсаты: жас ұстаздардың біліктілігін, жан – жақты өз кәсібінің шебері екендігін
сынауа арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен
жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.Байқау 4 кезеңнен құрылды:
1. «Сәлем – сөздің басы» таныстыру;
2. «Өнерлінің өрісі кең» өнермен шығармашылық қабілеттерін ашу;
3. «Білікті маман — Ел тірегі» интеллектуалдық сайыс;
4. «Мен ұлттық киіміммен мақтанамын!» Ұлттық киім үлгілерін қорғау.Байқау барысында қатысушылар өздерінің жан-жақты дайындалғанын көрсетіп ән айтып,ұлттық аспапта ойнап,көріністер көрсетіп,қойылған сұрақтармен ситуациялық жағдайларға әрқайсысы өз деңгейінде жан жақтылығын көрсете білді.Байқау қорытындысында Шу қаласы әкімінің алғыс хатымен ,мектеп әкімшілігінің дипломдарымен Боранбай Айдана «Білімді жас маман-2022»,Бегалиев Рустем «Талапты жас маман-2022», Демесбаев Бауыржан «Креативті жас маман-2022», Казымова Еркежан «Өнерлі жас маман-2022»,Қоштаева Айнур «Шығармашыл жас маман-2022»,бас жүлдені «Үздік жас маман-2022» номинациясын Алменова Жания иеленді. Қонақта болған Шу ауданы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» директорының орынбасары Касенова Асель Қыпшақбаевна қатысушыларды орталықтың алғыс хатымен марапаттаса, жас мамандардың тәлімгерлері Ермекбаева С.Р,Джанкиева Б.Х,Мырзакулова С.А,Ернаурызов З.Б,Хаджиева А.С.Тулегенова Г.М. өз шәкірттеріне дайындаған сыйлықтарын табыс етті.