02
апрель
2022
Сенбілік
Бүгін, яғни 2 сәуірде «Жібек жолы» мектеп-лицейінің ұстаздары мен техникалық қызметкерлері аудандық сенбілікке белсене қатысты. Сенбіліктің басты мақсаты – қаланың көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту. Шу қаласы бойынша бөлінген Шакирова көшесінің аумағы мен мектеп-лицейінің ауласында тазалық жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар мектеп ауласының ағаштарын ақтап, гүлдер отырғызылды.








