Ұлыстың ұлы күні » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
март
2022

Ұлыстың ұлы күні

Бүгін, яғни 18 наурызда «Жібек жолы» мектеп-лицейінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар өтті. Әр сынып салт – дәстүрге байланысты жабдықталып, оқушылар қазақ ұлттық киімдерімен келіп, халқымыздың салт-дәстүрлерін көрсетті. Сынып сағаттарында көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылып, білек күшімен сынасып, асық ойнап, арқан тартысты.
Жүректер жылыуын таратқан көктемнің бақыт сыйы Наурыз көп ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын – Достық мерекесі. Жыл басы 22 наурыз баршамызға құт-береке әкелсін!