"Жомарт түлек" » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
декабрь
2021

"Жомарт түлек"

"Жомарт түлек" акциясы аясында 2003 жылғы түлегіміз Лахаева Әсел Төреханқызы "Жібек жолы мектеп-лицейінің" ұстаздарын,
оқушыларын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап кітапхана қорына өз туындыларын сыйға тартып Түркия Мемлекеті Анкара қаласынан жолдап жіберді.Әсел Төреханқызы қазіргі уақытта
Түркия Республикасы мәдениет және туризм министрлiгi сыртқы iстер басқармасында Орта Азия елдерi бөлiмшесiнде жұмысын атқарып жүр. Түркия Республикасы Хаджетеппе университетинде фольклортану бөлiмiнде докторантурасында (Phd) оқып, осы университетте 3-курс бакалавриат студенттерiне қазақ тiлiнен сабақ береді.
"TARAZ TURIZM" фирмасымен мәдениет күндерi, көрмелер, кiтап басу, аудару және кiтап тұсаукесерлерiн ұйымдастыруды басқарады,сонымен қатар "Отырар" түркi әлемi электрондық кiтапханасы жобасының координаторы.