"Адал-ұрпақ" еріктілер клубының мүшелерімен кездесу » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Адал-ұрпақ" еріктілер клубының мүшелерімен кездесу
13
март
2021

"Адал-ұрпақ" еріктілер клубының мүшелерімен кездесу

Шу каласы "Жібек жолы мектеп-лицейінде" 2021 жылдың 11.03 күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Төлебаев Равиль Куанышбайұлы, Жамбыл облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Ускумбаева Дамеш Шайхиевна , "Жаңару" жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қозғалысының Жамбыл облысы бойынша жетекші, департамент жанынан құрылған ақпараттық - ағартушылық штабының жетекшісі Төлендиев Қасымхан Естемесұлы , Шу ауданы білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мубарак Касымовна мектебімізде құрылған "Адал-ұрпақ" еріктілер клубының мүшелерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында қонақтарымыз "Адал-ұрпақ" еріктілер клуб мүшелеріне адамгершілік,адалдық түсініктеріне байланысты сұрақтарын қойып, болашақта қандай мамандықты таңдап отырғанғандығы туралы, "Адал-ұрпақ" клубының атқарып жатқан жұмыстары туралы сауалдар қойып, оқушылардың ойларын тыңдады.





"Адал- ұрпақ" клубының белсенді оқушылары Орынбасар Хадиша, Жанарқұл Самал, Ерхан Айнур,Әбілбек Ерасыл өз ойларын анық әрі еркін жеткізіп, белсенділік танытты. Қонақтарымыз жастарға қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп,осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болатынын айтып, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек деп айтып өтті.