"Жас биолог" үйірмесінің жетекшісі Айтмахамбетова Е.Ж » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жас биолог" үйірмесінің жетекшісі Айтмахамбетова Е.Ж
05
март
2021

"Жас биолог" үйірмесінің жетекшісі Айтмахамбетова Е.Ж

2021 жылдың 2 наурыз күні Тәрбие орталығы айлығы аясындағы
жоспарына сәйкес , "Жас биолог" үйірмесінің жетекшісі Айтмахамбетова Е.Ж. 6"Б" сынып оқушыларымен "Дәрілік өсімдіктер әлеміне саяхат" тақырыбында ашық сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойында дәрілік өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту болды.
Сабақ ZOOM платформасында өтті. Сабақта мұғалім оқушыларға итмұрын, жалбыз, түймедақ, қалақай, алоэ, таңқурай және т.б. дәрілік өсімдіктердің түрлерімен таныстырып, олардың қандай ауруларға ем екендігі туралы таныстырылым жасап, видеожазбалар көрсетіп қолданды.







Оқушылар сабаққа белсенді қатысты, алған білімдерін ортаға салып, дәрілік өсімдіктер түрлерін, пайдасын айта білді.