ҰБТ ұйымдастырылуы мен өткізілуі » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰБТ ұйымдастырылуы мен өткізілуі
23
июнь
2020

ҰБТ ұйымдастырылуы мен өткізілуі

«Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ 2019-2020 оқу жылының түлектері үшін  ҰБТ (22.06.2020ж) жаңа жағдайда өтті: түлектер коронавирус індетіне байланысты енгізілген карантиннің қатаң талаптарын сақтау арқылы тестілеуге қатысты.
Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді, оған 130 мыңнан астам адам қатысады.
Мектеп әкімшілігі түлектер мен олардың ата-аналарымен биылғы өтетін ҰБТ туралы түсіндірме жұмыстарын (қашықтан) жүргізді. 
Басты мәселенің бірі: «ҰБТ-2020 туралы не білу керек?» деген сауал.
Түлектер қатаң санитарлық нормаларды сақтауы тиіс:
•    аудиторияларда әлеуметтік ара қашықтықты сақтау және бетперде) (маска) кию міндетті;

•    аудиторияларда желдету және ауаны зарарсыздандыру жүйесі қамтамасыз етіледі.ҰБТ өткізу пунктеріне кіретін жерде дезинфекциялық тоннельдер мен тепловизорлар орнатылады.
Мектеп әкімшілігі түлектерді тест орталығына дейін жеткізудегі санитарлық нормаларды қатаң сақтады (ара қашықтық-2 м).

Шекті балл қанша:
•    Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін – 70 балл;

•    ұлттық жоғары оқу орындарына немесе медициналық мамандықтарға – 65 балл;
•    агроөнеркәсіп кешені мамандықтарына – 60 балл;
•    қалған жоғары оқу орындарына – 50 балл.

ҰБТ тапсыру ережесі
Түлектер үшін тыйым салынған заттар туралы талап қатаңдатылды. Егер бұған дейін абитуриенттен тыйым салынған зат табылса, ол тестілеуге қатыса беретін, ал 2020 жылдың қаңтарынан бастап оқушы емтиханға кіргізілмейді. Ал ҰБТ тапсырып жатқан кезде тыйым салынған затпен ұсталса, тестілеу нәтижесі жойылады.

ҰБТ-ға қандай сұрақтар енбейді:
Осы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуде 11-сыныптағы төртінші тоқсан бағдарламасының сұрақтары кездеспейді.