"Мектеп асханасы» акциясының 27 қаңтар-27 ақпан аралығында іс-шара » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектеп асханасы» акциясының 27 қаңтар-27 ақпан аралығында іс-шара
24
февраль
2020

"Мектеп асханасы» акциясының 27 қаңтар-27 ақпан аралығында іс-шара


"Жібек жолы" мектеп-лицейі бойынша
"Мектеп асханасы» акциясының 27 қаңтар-27 ақпан аралығында
іс-шара жоспарына мәлімет
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы №3-15-3120-И хатына және Облыстық білім басқармасының 2020 жылғы 27 қаңтардағы №02-390 хатына сәйкес мектепте оқушылардың сапалы тамақтануын ұйымдастыру жұмыстарына бақылауды күшейту мақсатында 27 қаңтар-27 ақпан аралығында «Мектеп асханасы» республикалық акцияның іс-шарасы өткізілді. Осы іс-шаралар аясында: мектептегі тамақтану бойынша мониторинг комиссия мүшелерінің қатысуымен зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Перспективалық ас мәзіріне сәйкес ыстық тамақ күнделікті беріліп, қадағаланып отырылады. Тағамдарды дайындау технологиясы ас мәзіріне сай, беріліп отырды. Аспазшылардың формасы таза жұмыс орны да талапқа сай. Шағым және ұсыныс журналы бар. Күнделікті тамақтың сынамасы алынып отырылады. Таза сумен қамтамасыз етілген. Мектеп асханасы денсаулық бұрыштарымен безендірілген.
Мектептің әлеуметтік педагогы Д.М.Байтанаева «Дұрыс тамақтану, денсаулық кепілі» тақырыбында баяндама оқыды. Биология пәнінің мұғалімі Г.Темірбекова «Салауатты өмір салты – ас үйден басталады» тақырыбында баяндама оқыды. Мектептің медбикесі Г.Құсаинова «Витаминдер және олардың маңызы» тақырыбында видео слайд көрсетті.