05
январь
2020
Әлеуміттік желіде "ҰБТ 2020 онлайн болады" - деген хабар тарап жатыр.
Білім және ғылым министрлігі ресми дайындығын бастады. Ал, дайындалушы, сіздің дайындығыңыз қалай?
ҰБТ бізде биыл тұңғыш рет онлайн болады. Жоспар бойынша наурыз айындағы ҰБТ-да онлайн формат сынақтан өткізілуі мүмкін. Ал, маусымда өткізілетін ҰБТ толық онлайн өтеді.
Енді бұрынғы дәстүрлі кітапшаға қарап отырып, бояу парағына белгілейтін ҰБТ мен онлайн ҰБТ айырмашылығына тоқталып көрейік.
Дәстүрлі парақша бояйтын ҰБТ-ны сынақ тапсыру барысында көріп жүрсіздер, ал, онлайн форматта:
1⃣ Компьютер арқылы тапсырасыз, қолыңызда кітапша да, бояу парағы да болмайды.
2⃣ Компьютердің бір бетінде, бір ретте бір сұрақ болады, белгілеп келесіге өтесіз.
120 сұрақ 120 бет боп ашылады. Білмеген сұрақты белгілемей алдыға өтуге, сұрақтарды белгілеп отырып, кері шегінуге болады.
3⃣ Бір жауапты белгілеп алып, қате екенін білсеңіз, сол жерде қайта дұрыс жауапты таңдауға болады. Қате бояп алып, амалсыз боп қалатын жағдай болмайды.
4⃣ Соңғы сұрақты белгілеп, "мен болдым" деген түймені бассаңыз, сол мезетте неше балл алғаныңыз бірден шығады. Қуансаңыз да, жыласаңыз да сол.
5⃣ Өзіңіз қателескен сұрақтарды сол жерде көруге, онлайн апелляцияға беруге де болады. Апелляция бірден республикалық комиссияға түседі. Шешімді республикалық комиссия шығарады.
6⃣ Сіздерге бұл сөз ауыр болса да бірден айтайын, экранды телефонға түсірсеңіз немесе компьютер камерасы әлдебір темір затты сезсе, компьютер автоматты түрде сөнеді. Бұл жағдайлар мұғалімдердің біліктілік тестінде болған, ұстаздарыңыздан сұрасаңыздар болады.
7⃣ Ең жақсы жері - онлайн формат толық іске асса, ҰБТ-ның тазалық дәрежесі артады. Шектік балл төмендеп, таза біліммен оқуға түсу жеңілдейді.
8⃣ Есеп шығару үшін арнайы ақ қағаз таратылады, әрине, өзіңізбен бірге қалам және периодтық кесте алып бара аласыз.
Дайындықты бастаңыз, бастаған дайындығыңызды күшейтіңіз, бұрынғыдай телефонға, WhatsApp'қа сенетін дәуір артта қалып барады.