«Төңкерілген оқыту әдісін орыс тілі мен әдебиеті,ағылшын тілін оқыту үдерісінде тиімді қолдану» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Төңкерілген оқыту әдісін орыс тілі мен әдебиеті,ағылшын тілін оқыту үдерісінде тиімді қолдану» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды.
19
ноябрь
2023

«Төңкерілген оқыту әдісін орыс тілі мен әдебиеті,ағылшын тілін оқыту үдерісінде тиімді қолдану» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды.

2023 жылдың 15 қараша күні «Жібек жолы»мектеп-лицейінің орыс  тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндер бірлестігінің айлығы аясында жоспарланған  «Төңкерілген оқыту әдісін орыс тілі мен әдебиеті,ағылшын тілін оқыту үдерісінде тиімді қолдану» тақырыбында   аудандық семинар ұйымдастырылды. Семинарға аудандық білім бөлімінен әдіскерлері  және аудан мектептерінің орыс тілі және ағылшын тілі пәні мұғалімдері,жас мамандарда қатысты. Жоспарға сәйкес орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  педагог-зерттеуші М.О.Даулбаева  келген қонақтарға жақсы көңіл-күй сыйлап ,педагог мамандығының құндылықтары , тәжірибе барысында кездесетін түрлі жағдаяттарды шешу тапсырмаларын тренингте орындатса, педагог-шеберлер орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кобец Н.Н. мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Харькова С.П. «Төңкерілген сынып», «Цифровая школа»  шеберлік сыныптарын өткізді. Орыс тілі пәнінің мұғалімі педагог-модератор Н.Н. Касеновамен ағылшын тілі пәні мұғалімі педагог-шебер Сейдильдаева Қ.С. төңкерілген оқу  әдісін практикада қолдану бойынша ашық сабақтарын көрсетті . Қонаққа келген Шу ауданы білім бөлімінің әдіскері А.Н.Аманжол  төңкерілген сабақтың басты ерекшелігіне  тоқтады , олар жаңа материалды оқып біліп, танысуды үй тапсырмасы түрінде беру арқылы оқушыға әр түрлі ресурстар көзін өзіне ыңғайлы болатын кез келген уақытта қарап, мүмкіндігінше қайталап қарап түсінумен оқушылар өзін – өзі дамыту жоспарын құра алады, өз бетімен оқу дағдыларын жетілдіреді, оқуға, дайындалуға деген жауапкершілікті сезінеді, өзін жетілдіруге жұмыстанатынын  баса айтып өтті.Келген қонақтар жақсы пікірлер айтып , көтеріңкі көңіл күймен қайтты.Іс тәжірибе алмасқан,ұйымдастырған  мұғалімдер аудандық білім бөлімінің  Алғыс хатымен марапатталды.
Показать перевод