06
май
2023
Тарихы жатқан еліміздің рухани астанасы, түркілердің төл мекені -Түркістан өлкесіне 6-7 мамыр күндері Шу қаласы «Жібек жолы мектеп-лицейінің» 10-11-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері танымдық саяхатқа барып келді.
Тарихы жатқан еліміздің рухани астанасы, түркілердің төл мекені -Түркістан өлкесіне 6-7 мамыр күндері Шу қаласы «Жібек жолы мектеп-лицейінің» 10-11-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері танымдық саяхатқа барып келді.
Шараны мектеп директоры Г.Қ.Тұрлыбек бастап, география пәнінің мұғалімі А.А.Көкірекбаев, тарих пәнінің мұғалімі Б. Демесбаев, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Л.Адамбекова, биология пәнінің мұғалімі Г. М. Темірбекова және мектеп медбикесі Г.Құсайынова қолдай отырып, оқушыларды саяхаттауға алып барды.
Түркістан өңірінде бірнеше ғасырдың куәсі болған тарихи ғимараттар, кесенелер мен киелі орындар жетерлік. Киелі орындар туралы балаларға тарихи-танымдық ақпараттар берілді. Саяхат ең алдымен Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі Қаратау бөктерінде Балабөген өзенінің бойында орналасқан Домалақ ана кесенесінен бастап, киелі орын Арыстан баб кесенесіне және мұражайға барып, Арыстан баб туралы мағлұмат алды. Бұл киелі орыннан соң Шәуілдір кентіндегі Отырар мұражайына саяхат жасап, «Отырар опаты» болған көне Отырар қаласының орнын, қаладағы моншаның орнына жүргізілген қазба жұмыстарын тамашалады. Түркістандағы Ахмет Яссауи кесенесіне саяхаттады. XV ғасырда Қожа Ахмет Яссауиге арнап тұрғызылған кесенесін аралап, ғажайып «Тайқазанды» көрді, тарихымен танысты.





